KAZ
24
24
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
7.3.1 Жоғары да көрсетілген қадамдарды орында уарқылы эспрессо
дайындаңыз.
7.3.2 Будың шығу қарқындылығын реттегіш «сөндірулі» күйінде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
7.3.3 Бу беру батырмасын басыңыз және бу беру индикаторы үздіксіз
жанғанша дейін күтіңіз.
7.3.4 Шамамен 100 мл жаңадан алынған суық сүтті шағын ыдысқа құйыңыз.
Ыстық және жылы ыдысты қолданбаңыз! Ыдыстың биіктігі сүт көбігін дай-
ындау кезінде ыдысты капучинатордың астында ыдысты еркін жылжытуға
болатындай болуы керек (70±5 мм). Сондай-ақ, ыдысты таңдау кезінде
көбік мөлшерінің сүттен 2 есе көбірек екенін ескеру қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Капучино дайындау үшін Сізге жаңа сауылған сүт
керек болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сізге көбік тығыз және көлемді болып шығуы үшін
майлылығы төмен сүтті қолдануды ұсынамыз.
7.3.5 Ыдысты сүт капучинаторына оның оған жартылай бататындай
етіп жақындатыңыз. Бу беруді бастау үшін будың шығу қарқындылығын
реттегішті сағат тіліне қарсы баяу бұраңыз.Капучинатордың ұшы мен сүт
құйылған ыдыстың түбінің арасында будың шығуы үшін еркін кеңістік
бар екендігіне көз жеткізіңіз. Ыдысты сүт көбігінің түзілуі кезінде
капучинатордың күйін көретіндей етіп аздап қисайтыңыз. Бірден сүт көбігі
түзіле бастайды. Оның түзілуі кезінде капучинатордың ұшы көбік деңгейінен
төмен орналасуын, бірақ ыдыс түбіне жанаспауын қадағалаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бүлінулерге жол бермеу үшін будың шығу
қарқындылығын реттегішті кенет және тірелген шедейін бұрмаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сүтті қайнатпаңыз! Егер сүттің бетінде ірі көбіршіктер
пайда бола бастаса (сүт қайнап жатыр) бу беруді уақытша тоқтатыңыз.
7.3.6 Жеткілікті мөлшердегі көбік түзілгеннен кейін будың қарқындылығын
реттегішті («сөндірулі») күйіне орнатыңыз. Контейнерді жылу оқшаулағыш
қойғышқа қойыңыз, кофені тостағандарға құйыңыз және дәміне қарай
оларға көбікпен сүт қосыңыз.
ЕСКЕРТУ: егер сүт көбігін жасау кезінде бу беру жеткіліксіз болса, бұл
бойлерге су келіп түспегенін білдіреді. Бу беру батырмасын басу және бой-
лерге су беру үшін 30 секунд күту, содан кейін сүт көбігін дайындауды
жалғастыру қажет.
ЕСКЕРТУ: 5 кесе кофе дайындағаннан кейін кофеқайнатқышта 10 минут
үзіліс жасау керек.
7.3.7 Жұмысты аяқтағаннан кейін қосқышты басып, құрылғыны желіден
ажыратыңыз.
Добавить комментарий