KAZ
22
22
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Электр құралын қораптан шығарыңыз
және қаптаушы материалды (бар болған жағдайда) алып тастаңыз.
Бұйымның және желілік кабелдің бүтіндігін тексеріңіз.
Электр құралының барлық алынбалы бөліктерін таза сумен жуыңыз, ал
корпусты таза жұмақ шүберекпен сүртіңіз. Электр құралының барлық
алынбалы бөліктері кепкеннен кейін оларды бұрынғы орындарына
орнатыңыз.
Кофеқайнатқышты бірінші рет қолданудың алдында бойлерді таза-
лау қажет. Бойлерге су құйыңыз, кофеге арналған бос контейнерді
оны «LOCK» (жабық) күйіне бұрай отырып орнатыңыз. Кофе шайнекті
тұғырыққа орнатыңыз. Кофеқайнатқышты желіге қосыңыз, реттегішті
« » (кофе дайындау) күйіне ауыстырыңыз, бұл ретте индикатор жанады.
Кофе шәйнектің суға толуын күтіңіз, реттегішті «OFF» (сөндірулі) күйіне
ауыстырыңыз және құралды желіден ажыратыңыз. Реттегішті қысымды
түсіру үшін « » (қысымды тастау) күйіне ауыстырыңыз. Құралдың ішінде
қысымның жоқтығына көз жеткізе отырып, бұл рәсімді қайталауға болады.
Құрал қолдануға дайын.
7 ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
7.1 Эспрессо дайындау
Эспрессоэлектр құралы қысым және жасайтындықтан және су кофе арқылы
баяу өтетіндіктен әдеттегі сүзгіленген кофеге қарағанда қанығырақ және
бай дәмге ие болады.
Электр құралын тегіс, орнықты бет-
ке орнатыңыз. Сүзгілік алынбалы
контейнердің тұтқасын қарама-қарсы
күйге «LOCK» (жабық) және оны шешіңіз.
Контейнерді біраз мөлшердегі кофе-
мен толтырыңыз, контейнерді электр
құралына орнатыңыз және контейнердің
тұтқасын «LOCK» (1 сур.) күйіне ауысты-
ра отырып оны бекітіңіз.
Кофе шәйнекке Сіздің дайындағыңыз
келетін тостағандар санына байланысты
қажетті мөлшердегі ішетін су құйыңыз
(240 мл артық емес).
1 сур.
Бойлердің қақпағын ашыңыз (оны сағат тіліге қарсы бұрай отырып)
және кофе шәйнектен контейнерге суды аударып құйыңыз құйғыш
саңылау арқылы. Кофе шәйнекті тамшы жинауға арналған тұғырыққа
орналастырыңыз және бойлердің қақпағын берік бұрап бекітіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бойлер қақпағының берік айналдырылып
бұралғандығына көз жеткізіңіз. Егер қақпағы аяғына дейін немесе
мұқият тартылып бекітілмесе құралды қолдануға тыйым салынады.
Добавить комментарий