KAZ
17
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Электр құралын қораптан шығарыңыз
және қаптаушы материалды (бар болған жағдайда) алып тастаңыз.
Бұйымның және желілік кабелдің бүтіндігін тексеріңіз. Құралдың корпу-
стан басқа барлық бөліктерін және керек-жарақтарын таза сумен жууыңыз.
Корпусты таза дымқыл матамен сүрту керек.
Электр құралының барлық бөліктерін құрғатып сүртіңіз және тек суды ғана
қолдана отырып, кофені сүзгіге сеппей толық жұмыс циклін жүргізіңіз.
Резервуарды максималды («МАХ») белгіге дейін сумен толтырыңыз,
көп реттік сүзгінің кофеге арналған контейнерге орнатылғандығына
көз жеткізіңіз және қойғышқа 2 керамикалық тостағанды орнатыңыз.
Электр құралын желіге қосыңыз, ажыратқышты «I» (iске қосулы) күйіне
ауыстырыңыз, сосын кофе дайындау батырмасына басыңыз. Процестің
аяқталуын тосыңыз. Тостағанның ішіндегісін төгіңіз және кофеқайнатқышты
суытыңыз. Құралды ажыратқышты «О» (сендiрулi) күйіне аударумен және
ашаны резеткіден шығарумен сөндіріңіз.
7 ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
Электр құралын тегіс, орнықты бетке орнатыңыз. Суға арналған
резервуардың қақпағын ашыңыз, оны максималды белгіге дейін таза ішетін
сумен толтырыңыз («МАХ»).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Резервуардағы су көлемі жиынтықта жеткізілген
екі тостағанның көлемдеріне сәйкес болады.
Сүзгіге ұнтақталған кофенің қажетті мөлшерін салыңыз және қақпақты
жабыңыз. Кофенің 1 тостағанға ұсынылатын мөлшері – 1 шай қасық.
Сіз өз талғамыңыз бойынша бұл мөлшерді реттей аласыз. Қойғышқа 2
керамикалық тостағанды орнатыңыз. Электр құралын желіге қосыңыз,
ажыратқышты «I» (iске қосулы) күйіне ауыстырыңыз, сосын кофе дай-
ындау батырмасына басыңыз. Процестің аяқталуын тосыңыз. Индикатор
сөнеді. Құралды ажырату үшін ажыратқышты «О» (сендiрулi) күйіне аудару
және ашаны резеткіден шығару қажет.
Келесі кофе тостағандарын дайындау кезінде құралды суытып алу қажет
болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ұнтақталған кофе судың жартысын
абсорбциялайтындықтан, дайын кофе аздау болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қайнату кезінде суға арналған резервуардың
қақпағын ашуға болмайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрал тек ұнтақталған кофеден сусын дайындауға
ғана арналған!
Добавить комментарий