KAZ
20
20
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Құралды барлық қаптаушы материа-
лын (бар болған жағдайда) алып тастай отырып, қаптамадан шығарыңыз.
Бұйымның және желілік кабелдің бүтіндігін тексеріңіз. Жиынтықты тек-
серіңіз және механикалық бүлінулердің жоқтығына көз жеткізіңіз. Корпусты
алдымен дымқыл майлықпен, сосын құрғақ матамен сүртіңіз. Шәйнекті
қолданудың алдында оны сумен толтыру, қайнату, төгу және осыны қайта
жасау қажет. Осыдан кейін шәйнек қолдануға дайын.
7 ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
7.1 Қойғышты тегіс орнықты бетке орнатыңыз.
7.2 Қақпақты ашушы батырмаға басыңыз және шәйнекті таза сумен толты-
рыңыз. Шәйнектің қақпағын ол бекітілетіндей етіп жабыңыз және шәйнекті
қойғышқа орнатыңыз.
7.3 Қуат беруші желі параметрлерінің құралда көрсетілген деректерге сәй-
кестігін тексере отырып, қуат беру баусымының ашасын желіге қосыңыз
7.4 Қойғыштағы « » батырмасын басыңыз. Дыбыстық сигналдан кейін
батырманың жарықтануы жанып-сөнетін болады, шәйнектің жарықдиодты
жарықтануы жанады және қайнату процесі басталады.
7.5 Қайнату процесі аяқталғаннан кейін батырманың жарықтануы сөнеді,
дыбыстық сигнал шығады. Құрал автоматты түрде ажыратылады. Осыдан
кейін шәйнектен суды тостағанға немесе басқа ыдысқа құюға болады.
Суды тостағанға қақпақты ашпай-ақ шүмек арқылы құю керектігіне назар
аударыңыз.
Егер шәйнек лық толы болса, қайнаған су сыртқа лақтырылуы мүмкін.
Құралдың беті қолданудан кейін ыстық болып қалады.
ЕСКЕРТУ: Су қайнағанша дейін қақпақты ашпаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрал тек суды қайнатуға арналған.
ЕСКЕРТУ: Шәйнекті қойғыштан алу кезінде оның беті аздап дымқыл болуы
мүмкін. Бұл шәйнекті автоматты сөндіру механизмі іске қосылған кезде
оның ішіндегі будың біраз бөлігі құрал корпусындағы арнайы саңылау
арқылы шығуымен түсіндіріледі. Осылайша, қойғышта ылғалдың аз мөл-
шерінің болуы қате жұмыстың нәтижесі немесе өндірістік ақау болып та-
былмайды.
7.6 Жұмыс режимдері
7.6.1 Ұзақ мерзімдік қайнату режимі.
Қойғыштағы « » батырмасын басыңыз. Дыбыстық сигнал шығады.
« » батырмасын басыңыз, ұзақ мерзімдік қайнату процесі басталады, ол
әдеттегі қайнатудан 3 минутқа көбірек созылады. Процесс аяқталған кезде
дыбыстық сигнал шығады.
Добавить комментарий