KAZ
20
20
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
ЕСКЕРТУ: егер судың нақты температурасы қыздырудың берілген тем-
пературасынан төмен болса, құрал суды берілген температураға дейін
қыздыру процесін автоматты іске қосады, сосын температураны қолдау
режиміне өтеді.
ЕСКЕРТУ: су температурасын өлшеудің қателігі ±3°С-ды құрайды.
7.2.3 Есте сақтау функциясы
Температураны ұстап тұру режимінде шәйнек соңғы орнатылған ысыту
температурасын есте сақтайды. Егер шайнекті қойғыштан алып тастаса,
содан кейін оны кері қайтарса, ысыту процесі автоматты түрде жалғасады.
Шәйнекті қойғыштан 10 ретке дейін алу кезінде есте сақтау функциясы
сақталады.
8 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
8.1 Корпусты тазалау үшін бұйымның металл бөліктерінде тотықтың
түзілуіне әкеліп соқтыруы мүмкін немесе пластик бетті бүлдіретін
тазартқыш құралдарды қолданбау керек.
8.2 Құралдың ішінде түзілетін қақтар уақыт өте келе оның ішкі бетінің түсін
өзгертуі және судың сапасына әсер етуі мүмкін. Құралды арнайы қаққа
қарсы құралдармен оның қызметтік мерзімін ұзарту үшін тұрақты тазалып
отырыңыз. Тазартқыш құралдарды қолдана отырып, олардың қаптамасында
көрсетілген нұсқауларды сақтаңыз.
9 САҚТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Бұйымды 0°С-тан +40°С-қа дейінгі қоршаған ортаның температурасы
кезінде және 80%-дан аспайтын ауаның салыстырмалы ылғалдылығында
сақтау керек. Бүлінудерді болдырмау үшін бұйымды тек зауыттық
қаптамада ғана тасымалдаңыз. Тасымалдаудан немесе төмендетілген
температурада сақтаудан кейін бұйымды оны бөлме температурасында
кем дегенде екі сағаттай ұстау керек. Бұйымды тиеу, түсіру және сақтау
кезінде пайдалану жөніндегі нұсқаулықта мазмұндалғандардан басқа келесі
талаптарды басшылыққа алу керек:
- бұйымның бүлінуіне және/немесе оның қаптамасының бұзылуына әкеліп
соқтыруы мүмкін елеулі механикалық жүктемелерге бұйымды ұшыратуға
тыйым салынады;
- бұйымның қаптамасына судың және басқа да сұйықтықтардың тиіп
кетулерін болдырмау қажет.
Пайдалануда болған бұйымды теріс температурада тасымалдаудың не-
месе сақтауға берудің алдында бұйымда судың жоқтығына көз жеткізу
қажет. Бұйымның барлық беттері құрғақ болулары керек. Бұйымды
температураның елеулі айырмаларынан және тікелей күн сәулелерінен
қорғаңыз.
Добавить комментарий