15
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТИГІЗІП ПІСІРІЛЕТІН
ГРИЛЬ ЖАСАҒЫШ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ
Пісіру плиталарының таза және шаңсыз
екенін тексеріңіз. Қажет болса, дымқыл
шүберекпен сүртіңіз. Құрылғыны қақпағы
жабық күйінде тегіс, түзу бетке қойыңыз.
- Қуат сымын толығымен ширатып
шығарып, қуат сымының ашасын жерге
тұйықталған 120 В қуат көзіне енгізіңіз.
Құрылғыны қосу үшін ON/OFF (Қосу/
Өшіру) түймесін басыңыз. Қуаттың
қызыл түсті HEATING (Қыздыру) шамы
жанады.
- Жасыл READY (Дайын) шамы жанғанша
алдын ала қыздырыңыз (қақпақ жабық
болуы керек).
- Тамақты пісіру плитасына қойыңыз.
- Қақпақты абайлап жабыңыз.
- Тағамның дәл пісу уақыты талғамға сай
әр түрлі болады. Бұл сондай-ақ еттің
немесе көкөністердің түріне байланысты
болады.
Ескеріңіз: тигізіп пісірілетін гриль
режимінде бұл құрылғы жұқа стейктерді,
бекон тіліктерін, гамбургерлер мен
көкөністердің жұқа тілімдерін, балық пен
тауықты пісіруге жарайды.
Тағамның қалыңдығы ет пен балық үшін
1,5 см-ден немесе көкөністер үшін 1 см-
ден аспауы керек. Тағамдарды тым көп
мөлшерде салу пісіру кезінде қауіпсіз жұмыс
істеуге кері әсер етуі және пісіру жұмысының
бұзылуына себеп болуы мүмкін.
Ескеріңіз: Жасыл READY (Дайын) шамы
пісіру барысында дұрыс температураның
сақталуын көрсету үшін жанып-сөніп
тұрады.
Ескеріңіз: Пісіру кезінде қақпақ әрқашан
жабылған күйде болуы керек.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ КӨРСЕТУ
Пайдаланушы көрсететін күтім
- Тазаламас бұрын, On/off (Қосу/Өшіру)
қосқышының OFF (Өшіру) күйіне
орнатылғанын тексеріңіз, одан кейін қуат
ашасын розеткадан суырыңыз.
- Құрылғыны тазалау алдында біраз
суытып алыңыз. Құрылғы сәл жылы
болған кезде, оны тазалау оңайлау
болады.
- Тамақ қалдығының жиналуын
болдырмау үшін, құрылғыны
пайдаланып болғаннан кейін әрқашан
тазалап отырыңыз. Тағам қалдықтарын
кетіру үшін пісіру плиталарын және төгу
тесігін жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
- Май науасын босатыңыз. Оны қолмен
немесе ыдыс жуғыш машинада жууға
болады.
Маңызды! ҚҰРЫЛҒЫНЫ СУҒА НЕМЕСЕ
БАСҚА СҰЙЫҚТЫҚҚА БАТЫРМАҢЫЗ.
Тамақ жабысуға қарсы бет
Тамақ жабысуға қарсы бетте пісіру майды
тұтынуды барынша азайтады, өйткені тамақ
жабыспайды және бет оңай тазаланады.
Тамақ жабысуға қарсы бетті тазалау кезінде,
металл (немесе басқа да қатты қырғыш
материалдан жасалған) тазартқыштарды
қолданбаңыз.
Жылы сабынды сумен жуыңыз. Пісіру
плиталарын ыдыс жуғышта жууға болады,
дегенмен, ыдыс жуғышта жиі жуу оның
сыртқы қабатының қасиеттерін нашарлатуы
мүмкін. Сондықтан, пісіру плитасының
сыртын жұмсақ жуғыш қоспа қосылған
суға батырылған жұмсақ губкамен немесе
шүберекпен жуған дұрыс болады. Кетпейтін
дақты зақымдағыш емес, пластик жуу
жастықшасымен немесе нейлон жуу
щеткасымен кетіріңіз.
САҚТАУ
Құрылғыны сақтау үшін:
- On/off (Қосу/Өшіру) қосқышының OFF
(Өшіру) күйіне орнатылғанын тексеріңіз,
одан кейін қуат сымын розеткадан
суырыңыз.
- Құрылғыны толық суытып алыңыз.
- Плиталарды бекітілген күйге орнатыңыз.
- Қуат сымын құрылғының астындағы
сым орау аймағына орап салыңыз.
- Тегіс, құрғақ және түзу бетке қойыңыз.
Добавить комментарий