
20
ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР МЕН ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Осы қауіпсіздік шараларын сақтамау жазатайым жағдайларға алып келуі
мүмкін.
ЕСКЕРТУ!
1. 220-240 В айнымалы ток, 50 Гц қуат беру көзін ғана пайдаланыңыз.
2. Қосу кезінде жалғастырғыштар мен ұзартқыштарды пайдаланбағаныңыз жөн.
3. Тоңазытқышта тез тұтанатын материалдарды (бензин, желім, эфир және т.б.)
сақтамаңыз.
4. Тоңазытқышқа су төгіп алмаңыз, бұл сіз үшін қауіпті болуы немесе тоңазытқыш
сынып қалуы мүмкін.
5. Егер сіз құралды пайдалану кезінде ерекше шуыл, иіс немесе түтін неме-
се құралға тән емес басқа да белгілерін байқасаңыз, қуат көзінен ажыратып,
сервистік қызмет өкілдеріне хабарласыңыз.
6. Қуат беру кабелін бүлінуден сақтаңыз:
• Қуат беру кабелін ауыстыруға тыйым салынады
• Қуат беру кабелінің үстіне ауыр заттарды қоймаңыз.
• Қуат беру кабелін жылу көздерінен аулақта ұстаңыз.
• Құралды желіден ажыратқан кезде бауынан емес, ашасынан ұстап суырыңыз.
7. Тоңазытқыш үй-жайдың ішінде пайдалану үшін әзірленген. Тоңазытқышты
ешбір жағдайда сыртта пайдаланбаңыз.
8. Тоңазытқыш осы нұсқаулыққа сәйкес тамақ өнімдерін сақтау үшін үй
жағдайында пайдаланылуы тиіс.
9. Балаларға құралды қараусыз пайдалануға рұқсат бермеңіз.
10. Тоңазытқыштың салмағы өте үлкен, тасымалдау үшін кемінде екі адам қажет.
11. Тоңазытқышты дымқыл қолмен ұстамаңыз.
12. Тұтанбас үшін немесе құрал бүлінбес үшін ұзартқыштарды, үштіктер
мен жалғастырғыштарды пайдаланбаңыз. Өндіруші жалғастырғыштар мен
ұзартқыштарды, сондай-ақ қимасы тұтынылатын қуатқа сәйкес келмейтін
жалғағыш кабельдің қолданылуына байланысты туындаған тұтану үшін жауап-
ты болмайды. Тоңазытқышты орнату кезінде тоңазытқыштың артқы жағындағы
арнайы тақтайшада көрсетілген желі сипаттамалары мен электр параметрлерінің
сәйкестігін тексеру қажет. Ашаны розеткадан сымнан тартып суырмаңыз: бұл өте
қауіпті. Құралды желілік ашаға жақын қоймаңыз. Қуат беру бауы зақымдалған
жағдайда, оны авторизацияланған сервис орталығы ұсынатын баумен немесе
жиынтықпен ауыстыру керек. Кабельді ауыстыруды тек білікті персонал жүргізуі
тиіс. Құралды жарамды қорғау құрылғысы (автоматты ажыратқыштар, балқитын
сақтандырғыштар және т.б.) бар электр желісіне қосыңыз.
13. Тоңазытқыштың ішкі салқындатқыш жақтауларын ұстамаңыз.
14. Тазалау немесе қызмет көрсету үшін кез-келген операцияларды орындамас
бұрын тоңазытқышты желіден ажыратыңыз. Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету
үшін термореттегіш тұтқасын «ӨШІРУ» қалпына келтіру жеткіліксіз.
15. Тоңазытқыш конструкциясын өзгертуге және өндіруші кепілді жөндеуге
өкілеттік бермеген тұлғалардың араласуына тыйым салынады.
16. Егер өндіруші мұны ұсынбаған болса, тамақ өнімдерін сақтауға арналған бөлім
ішінде электр құралдарын пайдаланбаңыз.
17. Тоңазытқыштың ішінде жанғыш газдарды немесе сұйықтықтарды сақтамаңыз.
Добавить комментарий