
Қазақ | 65
Drill Assistant
Drill Assistant құралын орнату (C – D суреттерін
қараңыз)
Drill Assistant (10) құралын шаң жинағыш құрылғымен
(13) бірге немесе онсыз пайдалануға болады. Шаң
жинағыш құрылғыны (13) пайдалану аясы диаметрі
12мм және ұзындығы 120мм болатын бұрғыға
шектелген.
Шаң жинағыш құрылғыны (13) бекіткішке (26) енгізіңіз.
Құлыптан босату түймесін (8) басып, Drill Assistant (10)
құралын тұрақ күйінен босатыңыз.
Drill Assistant (10) құралын бұрғылау патроны арқылы
өткізіп, электр құралының шпиндель мойнына
орнатыңыз.
Бұғаттау үшін қатпарлы бұранданы (18) сағат тілінің
бағытымен бұраңыз.
Бұрғылау тереңдігін реттеу (E – F суреттерін қараңыз)
Бұрғыны орнатыңыз ("Құралды алмастыру" бөлімін
қараңыз).
Реттегіш сақинамен (17) қажетті бұрғылау тереңдігін X
реттеуге болады.
Реттегіш сақинаны (17) босату үшін солға бұраңыз.
Шаң жинағыш контейнерді (11) немесе бекіткішті (26)
қабырғаға немесе дайындамаға теңдестіріп орнатыңыз.
Бұрғы ұшын қабырғаға немесе дайындамаға апарыңыз.
Реттегіш сақинаны (17) арақашықтық қажетті бұрғылау
тереңдігіне X сәйкес келгенше артқа қарай жылжытыңыз
немесе дюбельді шинаға қойып, реттегіш сақинаны (17)
артқа қарай дюбельге жылжытыңыз. Реттегіш сақинаны
(17) бұғаттау үшін оңға бұраңыз. Дюбельді шинадан
шығарып алыңыз. Бұрғылау тереңдігі енді шинада
реттелген ұзындыққа X сәйкес келеді.
Нұсқау: дюбельдерді пайдаланған кезде, бұрғылау
тереңдігінің дәл болуы маңызды. Егер бұрғыланған
саңылау тым терең болса, дюбель қабырға немесе
дайындама ішіне тым қатты сырғып кіреді. Егер саңылау
тым кіші болса, дюбель сыртқа шығып тұрады.
Шаң жинағыш контейнерді босату (G суретін
қараңыз)
Шаң жинағыш контейнердің (11) сыйымдылығы 6 мм
бұрғы диаметрімен 30 мм бұрғылау тереңдігінде кіріп
қалау бойынша шамамен 25 рет бұрғылау әрекеті үшін
жеткілікті.
Шаң жинағыш контейнерді (11) шығарып алу үшін
бүйірлік құлыптан босату түймелерін (12) басып, шаң
жинағыш контейнерді төмен қарай тартып алыңыз.
Шаң жинағыш контейнерді (11) босатып, орнына
қайтарыңыз (шерту дыбысымен тірелуі қажет).
Drill Assistant құралын бөлшектеу
Шаң жинағыш құрылғының (13) қысқышын (16) басып
тұрыңыз да, шаң жинағыш құрылғыны (13) алға қарай
тартып алыңыз.
Қатпарлы бұранданы (18) қосымша тұтқа (9) жылжи
алғанша сағат тілінің бағытына қарсы бұрап, қосымша
тұтқаны (9) электр құралынан тартып алыңыз.
Реттегіш сақинаны (17) босату үшін солға бұраңыз.
Қосымша тұтқаны (9) нық ұстап тұрып, шинаны шерту
дыбысымен тірелгенше қосымша тұтқаға қарай
жылжытыңыз.
Шаңсорғыш/шаң жинағыш контейнер
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
uЖұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
uШаң жинағыш контейнерді тек бетон мен тастарды
өңдеген кезде пайдаланыңыз. Ағаш пен пластмасса
жоңқасы жылдам бітелуге әкелуі мүмкін.
uӨрт қаупі бар! Шаң жинағыш контейнер
орнатылған кезде, металл материалдарды өңдеуге
болмайды. Ыстық металл жоңқасы шаң жинағыш
контейнердің бөліктерін тұтандыруы мүмкін.
Шаң жинағыш контейнерді оңтайлы түрде пайдалану үшін
төмендегі нұсқауларды ескеріңіз:
– Шаң жинағыш контейнер дайындамада немесе
қабырғада тығыз жатқанына көз жеткізіңіз. Осылайша
тікбұрышты бұрғылау әрекеті жеңілдетіледі.
Bosch Power Tools 1 609 92A 57E | (10.12.2021)
Добавить комментарий