
52 | Қазақ
құралының метал бөлшектерін істетіп пайдаланушыны
тоқ соғуы мүмкін.
Айналма бұрғылау балғаларымен ұзын бұрғы
қондырмаларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік
техникасының нұсқаулары
uӘрдайым бұрғылауды төмен жылдамдықта және
қондырма ұшы дайындамаға тиіп тұрған күйде
бастаңыз. Жоғарырақ жылдамдықтарда қондырма
дайындамаға тимей еркін айналған жағдайда бүгіліп,
жарақат алуға әкелуі мүмкін.
uҚондырмамен бір сызықта ғана қысым
қолданыңыз және артық қысым қолданбаңыз.
Қондырмалар бүгіліп, сынуға немесе бақылау
мүмкіндігінен айырылуға және жарақат алуға әкелуі
мүмкін.
Қауіпсіздік техникасының қосымша нұсқаулары
uҚажетті іздеу құралдарын пайдаланып
жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты
жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр
сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі
мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
uЭлектр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
uДайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына,
өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға
алып келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы бетон, кірпіш пен тасты перфоратормен
бұрғылауға және жеңіл қағу жұмыстарына арналған. Ол,
сондай-ақ ағаш, металл, керамика мен пластмассаны
бұрғылауға жарамды. Электрондық басқару құралы және
оңға/солға айналуы бар электр құралдары бұрауға да
жарамды.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
(1) Жылдам қысқыш бұрғылау патроны
(PBH2500SRE)a)
(2) SDS-plus бұрғылау патроны
(3) SDS-plus құрал бекіткіші
(4) Шаңнан қорғайтын қаптама
(5) Құлыптау төлкесі
(6) Тұтқа (беті оқшауланған)
(7) Айналу бағытын ауыстырып-қосқыш
(8) Ажыратқышқа арналған бекіту түймесі
(9) Ажыратқыш
(10) Соққыны/айналуды тоқтату қосқышы
(11) Тереңдік шектегішін реттеу түймесі
(12) Қосымша тұтқаның қатпарлы бұрандасы
(13) Қосымша тұтқа (беті оқшауланған)
(14) Тереңдік шектегіші
(15) Тісті тоғыны бар бұрғылау патронына арналған
бекіткіш бұрандаa)
(16) Тісті тоғыны бар бұрғылау патроны
(PBH2100SRE, PBH2500SRE)a)
(17) Бұрғылау патронына арналған SDS-plus
бекіткіш білігіa)
(18) Saugfix кіріс саңылауыa)
(19) Saugfix қысқыш бұрандасыa)
(20) Saugfix тереңдік шектегішіa)
(21) Saugfix телескоптық құбырыa)
(22) Saugfix қатпарлы бұрандасыa)
(23) Saugfix бағыттауыш құбырыa)
(24) SDS-plus бекіткіш білігі бар әмбебап ұстағышa)
a) Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды
біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Техникалық мәліметтер
Перфоратор PBH 2000 RE
PBH 2100 RE PBH 2100 SRE PBH 2500 RE PBH 2500 SRE
Өнім нөмірі 3 603 CA9 3.. 3 603 CA9 3.. 3 603 B44 4.. 3 603 B44 4..
Тісті тоғыны бар бұрғылау
патроны − ● − ●
Жылдам қысқыш бұрғылау
патроны − − − ●A)
Номиналды тұтынылатын
қуат Вт 550 550 600 600
1 609 92A 6GL | (09.08.2021) Bosch Power Tools
Добавить комментарий