
22 | Қазақ
Техникалық мәліметтер
Бұрыштық ажарлау машинасы GWS2200 GWS2200
Өнім нөмірі 3601HC0... 3601HC1...
Номиналды тұтынылатын қуат Вт 2200 2200
Номиналды айналу жиілігі мин-1 8500 6500
Ажарлағыш дискінің макс. диаметрі мм 180 230
Ажарлау шпинделінің ирек оймасы M 14 M 14
Шпиндель ирек оймасының макс. ұзындығы мм 25 25
Салмағы EPTA-Procedure 01/2014 құжатына сай
– Дірілді басқыш қосымша тұтқасы бар кг 5,3 5,5
– Стандартты қосымша тұтқасы бар кг 5,2 5,4
Қорғаныс класы / II / II
Мәліметтер [U] 230В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу және елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі мүмкін.
Тек іске қосу тогының шектеулері жоқ электр құралдары үшін: қосу әрекеттерінің барысында қысқа мерзімді кернеу төмендеуі пайда
болады. Желі шарттары жағымсыз болғанда, басқа құрылғыларға кедергі жасалуы мүмкін. Желі қарсылығы 0,11омнан кем болса,
ешқандай кедергілер күтілмейді.
Шуыл және дірілдеу туралы ақпарат
Дыбыс шығару мәндері EN60745-2-3 бойынша
есептелген.
A-мен белгіленген құрылғының шуыл деңгейі әдетте
төмендегіге тең: дыбыс күші 93дБ (A); дыбыс қуаты
104дБ (A). Өлшеу дәлсіздігі K = 3 дБ.
Құлақты қорғау құралдарын кийіңіз!
Жалпы діріл мәндері ah (үш бағыттың векторлық
қосындысы) және K дәлсіздігі, EN60745-2-3 бойынша
есептелген:
Үстіңгі бетті ажарлау (бастапқы ажарлау):
ah=5,5 м/с2, K=1,5 м/с2,
Ажарлағыш дискімен ажарлау:
ah=2,5 м/с2, K=1,5 м/с2.
Осы ескертпелерде берілген діріл көлемі нормалық
өлшеу әдісі бойынша есептелген болып электр
құралдарды бір-бірімен салыстыру үшін пайдаланылуы
мүмкін. Ол дірілдеу қуатын шамалап өлшеу үшін де
жарамды.
Берілген діріл көлемі электр құралының негізгі
жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа
жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен
немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса дірілдеу
көлемдері өзгереді. Бұл жұмыс барысындағы діріл
қуатын арттыруы мүмкін.
Дірілдеу қуатын нақты есептеу үшін құрал өшірілген және
қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру
қажет. Бұл дірілдеу қуатын бүкіл жұмыс уақытында қатты
төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдастыру.
Жинау
Қорғаныш құрылғыны орнату
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Нұсқау: Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса немесе
қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары бұзылса,
электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу керек,
мекенжайларды «Тұтынушыға қызмет көрсету және
пайдалану кеңестері» тарауынан қараңыз.
Тегістеуге арналған қорғағыш қаптама
Қорғайтын қаптаманы (5) шпиндель мойыншасына
орнатыңыз. Қорғайтын қаптама (5) күйін жұмыс күнінің
талаптарына сай етіп қорғайтын қаптаманы (5) бекіту
бұрандасымен (6)бұғаттаңыз.
uҚорғағыш қаптаманы (5)оператордың жағына
қарай ұшқындардың ұшуы болмайтындай
орнатыңыз.
Кесуге арналған қорғағыш қаптама
uБайланысты абразивтер көмегімен кесу үшін
әрқашан кесуге арналған қаптаманы
пайдаланыңыз (13).
uТасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
қамтамасыз етіңіз.
Қорғағыш қаптама (13) сонымен бірге тегістеуге
арналған қорғағыш қаптама (5) ретінд де орнатылады.
Бағыттауыштар бар кесуге арналған қорғағыш
қаптама
Бағыттауыштары (21) бар қорғағыш қаптама тегістеуге
арналған қорғағыш қаптама (5) ретінде де орнатылады.
Қосымша тұтқа
uЭлектр құралыңызды тек қосымша тұтқа менен
пайдаланыңыз (3).
1 609 92A 5LD | (12.03.2020) Bosch Power Tools
Добавить комментарий