
Қазақ | 103
Батарея құралын пайдалану және күту
uТек өндіруші сипаттаған зарядтағышмен қайта
зарядтаңыз. Батарея жинағының бір түріне сай
зарядтағыш басқа батарея жинағымен қолдануда өрт
қауіпіне адып келуі мүмкін.
uЭлектр құралдарын тек арнайы тағайындалған
батарея жинақтарымен пайдаланыңыз. Кез келген
басқа батарея жинақтарын пайдалану жарақаттану мен
өрт қауіпіне алып келеді.
uЕгер батарея жинағы қолдануда болмаса, оны
түйреуіш, тиын, кілт, шеге, бұранда немесе басқа
кіші метал заттардан ұстаңыз, олар бір
терминалдан басқасына байланыс жасауы мүмкін.
Батарея терминалдарын қосу күйік немесе өртке алып
келуі мүмкін.
uДұрыс емес пайдалануда батареядан сұйықтық
ағуы мүмкін, оған тимеңіз. Егер тиіп қалсаңыз,
сумен шайып тастаңыз. Егер сұйықтық көзге тисе
дәрігерге хабарласыңыз. Батареядан шаққан
сұйықтық қозу немесе күйіктерге алып келуі мүмкін.
uЗақымдалған немесе өзгертілген батарея
жинақтарын пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе
өзгертілген батареялар өртке, жарылуға немесе
жарақаттуға алып келуі мүмкін кездейсоқ әрекеттерге
алып келуі мүмкін.
uБатарея жинағын немесе құралын өртке немесе
қатты температураға салдырмаңыз. 130°C жоғары
температураларда жарылыс болуы мүмкін.
uБарлық зарядтау нұсқауларын орындап батарея
жинағын нұсқауларда белгіленген температура
ауқымынан тыс жағдайда зарядтамаңыз. Дұрыс
емес зарядтау немесе белгіленген ауқымнан тыс
температурада зарядтау батареяны зақымдап өрт
қауіпін жоғарылатуы мүмкін.
Қызмет көрсету
uЭлектр құралына маманды жөндеуші тек бірдей
қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл
электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз
етеді.
uЗақымдалған батарея жинақтарын ешқашан
пайдаланбаңыз. Батарея жинақтарын тек өндіруші
немесе өкілетті қызмет көрсету жабдықтаушысы
арқылы орындалуы мүмкін.
Бұрауыштарға арналған қауіпсіздік
нұсқаулықтары
uБекіткіш жасырын сымдарға тиюі мүмкін
әрекеттерді жасаған кезде электр құрылғы
оқшауланған ұстау жайынан ұстаңыз. Егер бекіткіш
істеп тұрған сымға тисе электр құралының метал
бөлшектерін істетіп пайдаланушыны тоқ соғуы мүмкін.
uҚажетті іздеу құралдарын пайдаланып
жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты
жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр
сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі
мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға
алып келуі мүмкін.
uЭлектр құралын берік ұстаңыз. Шуруптарды бұрап
бекіту және бұрап босату кезінде қысқаша жоғары
мезеттер пайда болуы мүмкін.
uДайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
uЭлектр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
uАккумулятор зақымдалған немесе дұрыс
пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы
мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып
қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және
шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу
тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
uАккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі
бар.
uШеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
uБұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші
өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы
аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ,
мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан,
кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз.
Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі
туындайды.
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына,
өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға
алып келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы бұрандаларды бұрап кіргізуге немесе
шығаруға арналған.
Көрсетілген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
(1) Бұрауыш бит a)
(2) Тірек төлке
(3) Бұрап кіргізу тереңдігі тірегін реттеу төлкесі
(4) Бұрап кіргізу тереңдігі тірегі
Bosch Power Tools 1 609 92A 7PT | (02.05.2022)
Добавить комментарий