
170 | Қазақ
Тісті тоғыны бар бұрғылау патроны (F суретін
қараңыз)
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (15) құрал
енгізілгенше бұрап ашыңыз. Құралды енгізіңіз.
Бұрғылау патронының кілтін (14) тісті тоғыны бар
бұрғылау патронының (15) тиісті саңылауларына енгізіп,
құралды біркелкі етіп қысыңыз.
Бұрап бекіту құралдары (G суретін қараңыз)
Қондырма биталарды (16) пайдаланғанда әрқашан
әмбебап ұстағышты (17) пайдаланыңыз. Тек шуруп
басына жарайтын қондырма биталарды пайдаланыңыз.
Бұрап бекіту үшін "Бұрғылау/перфораторлық бұрғылау"
ауыстырып-қосқышын (2) әрдайым "Бұрғылау" белгісіне
орнатыңыз.
Бұрғылау патронын ауыстыру
uБұрғылау шпинделінің бекіткіші жоқ электр
құралдарында бұрғылау патронын өкілетті Bosch
электр құралдарының сервистік орталығында
ауыстыру қажет.
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Бұрғылау патронын бөлшектеу (H суретін қараңыз)
Қосымша тұтқаны (11) бөлшектеп, беріліс ауыстырып-
қосқышын (9) 1-ші мен 2-ші беріліс арасындағы ортаңғы
күйге орнатыңыз.
Шамамен 50мм ұзындығымен Ø 4 м болат штифтіні
шпиндель мойнының ойығына салып бұрғы шпинделін
бекітіңіз. Ішкі алты қырлы гайка кілтін (18) қысқа
тұтқамен алға, тез қысатын бұрғылау патронына (1)
қысыңыз.
Электр құралын тұрақты негізге, мысалы верстакқа
қойыңыз. Электр құралын нық ұстап тұрып, тез қысатын
бұрғылау патронын (1) ішкі алты қырлы гайка кілтін (18)
айналу бағытымен бұрау арқылы босатыңыз. Берік
орнатылған тез қысатын бұрғылау патроны азғантай
соққымен ішкі алты қырлы гайка кілтінің (18) ұзын
ілгегінде босатылады. Алты қырлы дөңгелек кілтті тез
қысатын бұрғылау патронынан шығарып, тез қысатын
бұрғылау патронын толық бұрап шығарыңыз.
Бұрғылау патронын орнату (I суретін қараңыз)
Жылдам қысқыш/тісті тоғыны бар бұрғылау патронын
орнату әрекеті кері реттілікпен орындалады.
uБұрғылау патронын орнатудан соң болат штифтын
ойықтан қайта шығарыңыз.
Бұрғылау патронын шамамен 67–74 Нм
тарту моментімен бұрап тарту қажет.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
uЖұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
uЖелі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220В жұмыс
істеуге болады.
Айналу бағытын реттеу (J – K суреттерін қараңыз)
uАйналу бағытын ауыстырып-қосқышты(5) электр
құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (5) көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті (7) басқанда бұл мүмкін емес.
Оңға айналу: бұрғылау және бұрандаларды бұрап кіргізу
үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (5) сол
жағынан төмен жылжытып, дәл сол уақытта оң жағынан
жоғары қарай жылжытыңыз.
Солға айналу: бұрандалар мен гайкаларды босату
немесе бұрап шығару үшін айналу бағытының
ауыстырып-қосқышын (5) сол жағынан жоғары қарай
жылжытып, дәл сол уақытта оң жағынан төмен қарай
жылжытыңыз.
Жұмыс режимін реттеу
Бұрғылау және бұрау
Ауыстырып-қосқышты (2) "Бұрғылау"
белгісіне жылжытыңыз.
Соққымен бұрғылау
Ауыстырып-қосқышты (2) "Соққымен
бұрғылау" белгісіне жылжытыңыз.
Ауыстырып-қосқыш (2) тіреліп, қозғалтқыш
жұмыс істеп тұрғанда да қолданылуы мүмкін.
Берілістің механикалық таңдалуы
uБеріліс ауыстырып-қосқышын (9) электр құрал
баяу істеп тұрғанда пайдалануға болады. Алайда
мұны жұмыссыз күйде, толық жүктеме немесе
максималды айналымдар санында орындау
мүмкін емес.
1 609 92A 7YU | (01.06.2022) Bosch Power Tools
Добавить комментарий