Bosch GSB 21-2 RCT

Данная инструкция на русском языке предназначена для дрели Bosch GSB 21-2 RCT, описывает принцип работы и основные моменты эксплуатации устройства. Перед первым включением рекомендуется внимательно изучить данное руководство.

Инструкция для дрели представлена в формате PDF, который поддерживается на всех современных устройствах, так что сложностей с открытием файла возникнуть не должно. Но если открыть документ не получается, установите любую программу для чтения PDF файлов, например Acrobat Reader.

Чтобы распечатать инструкцию, нужно ее сначала скачать, для этого кликните по кнопке «Скачать инструкцию», файл откроется в новой вкладке, затем нажмите комбинацию клавиш Сtrl + P и из открывшегося диалогового окна, отправьте документ на печать.

Страницы: Стр:
Қазақ | 171
Беріліс ауыстырып-қосқышы (9) арқылы 2 айналу
жиілігінің диапазонын таңдауға болады.
I беріліс:
Төмен айналымдар саны; үлкен бұрғылау
диаметрімен бұрау немесе жұмыс істеу
үшін.
II беріліс:
Жоғары айналымдар саны; кіші бұрғылау
диаметрімен жұмыс істеу үшін.
Беріліс ауыстырып-қосқышы (9) тірелгенше бұралмаса,
редуктор шпинделін бұрғымен айналдырыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (7) басып
тұрыңыз.
Басылған ажыратқышты (7) бекіту үшін бекіту түймесін
(6) басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, ажыратқышты (7) жіберіңіз
немесе бекіту түймесімен (6) құлыптанған болса,
ажыратқышты (7) қысқа уақыт басып жіберіңіз.
Қорғауыш жалғастырғыш
Жоғары реакциялық моменттерді шектеу
үшін электр құрал артық жүктеме
ажыратқышымен (анти-ротациялық)
жабдықталған.
uАлмалы-салмалы аспап қысылса немесе ілінсе
бұрғылау шпинделіне беріліс тоқтатылады.
Осында пайда болатын күш себебінен электр
құралын екі қолмен қатты ұстап бекем қалыпта
тұрыңыз.
uЕгер электр құралы тіреліп қалса, электр құралын
өшіріп алмалы-салмалы аспапты босатыңыз.
Бұғатталған бұрғылайтын аспапты қосу кезінде
жоғары реактивті күш пайда болады.
Жылдам өшіру (Kickback Control)
(GSB 24-2) Жылдам өшіру (KickBack Control) электр
құралын жақсырақ бақылауға
көмектеседі және осылайша KickBack
Control құралы жоқ электр құралдарымен
салыстырғанда пайдаланушы қорғанысын да
күшейтеді. Электр құралы бұрғы осі бойынша
кездейсоқ және кенет айналса, электр құралы өшіп
қалады.
Қайта іске қосу үшін ажыратқышты жіберіп, екінші рет
қайта басыңыз.
uЕгер KickBack Control функциясы ақаулы болса,
электр құралы бұдан былай қосылмайды. Электр
құралыңызды тек қана білікті маманға және
түпнұсқа қосалқы бөлшектермен бірге жөндетіңіз.
Айналымдар/қағу санын реттеу
Ажыратқышты (7) басу күшін өзгерте отырып, қосылған
электр құралының айналымдар/қағулар санын біртіндеп
реттеуге болады.
Ажыратқышты (7) жай басу төмен айналымдар/қағулар
санын қосады. Басу күшейсе айналымдар/қағулар саны
көбейеді.
Айналымдар санын/қағулар санын таңдау
Айналымдар санын таңдайтын реттеуші (8) арқылы
қажетті айналымдар санын/қағулар санын жұмыс істеу
кезінде реттеуге болады.
Талап етілетін айналымдар санын/қағулар санын
материалмен жұмыс жасау жағдайына байланысты
тәжірибе арқылы анықтауға болады.
Электрондық айналу жиілігін алдын ала таңдау (GSB
21-2 RCT)
Электрондық айналу жиілігін алдын ала таңдауға
арналған айналмалы реттегіш (3) арқылы қажетті айналу
жиілігін/соққы санын жұмыс істеу кезінде де алдын ала
таңдауға болады.
Қажетті айналу жиілігі/соққы саны материал мен жұмыс
істеу шарттарына байланысты болады және тәжірибе
арқылы анықталуы мүмкін.
Тұрақты электроника (GSB 21-2 RCT)
Тұрақты электроника алдын ала таңдалған айналу жиілігі
мен соққы санын бос жүріс пен жүктеме астындағы
жұмыс күйлерінің арасында тұрақты түрде сақтайды.
Электрондық айналу моментінің шектеуі / айналу
жиілігін алдын ала таңдау (Torque Control) (GSB 21-2
RCT)
Айналу моментін алдын ала таңдау
тетігімен бұрғылау үшін ауыстырып-
қосқышты (4) "Бұрғылау" белгісіне
орнатыңыз. Айналмалы реттегіштің (3)
көмегімен қажетті айналу жиілігін жұмыс
істеген кезде де алдын ала таңдауға болады.
Айналу моментін шектеу тетігімен бұрау
үшін ауыстырып-қосқышты (4) "Бұрау“
белгісіне орнатыңыз. Айналмалы реттегіштің
(3) көмегімен бұрғылау шпинделіне әсер
ететін айналу моментін жұмыс істеген кезде
де сатысыз алдын ала таңдауға болады:
I=төмен айналу моменті, III=жоғары айналу
моменті.
Максималды айналу моменті реттелген айналу моментіне
автоматты түрде бейімделеді.
Бұрау кезінде алдын ала таңдалған айналу моментіне
жетсе, электр құралы өшеді; алмалы-салмалы аспап одан
ары айналмайды. Егер осыдан кейін электр құралы оған
түсетін жүктемеден босатылса және ажыратқыш (7) әлі
басылып тұрса, алмалы-салмалы аспап қауіпсіздік
тұрғысынан одан ары өте төмен айналу жиілігімен ғана
айналады.
Ажыратқышты (7) қысқа уақытқа жібергеннен кейін,
кейінгі бұранданы бірдей айналу моментімен тартуға
болады.
Bosch Power Tools 1 609 92A 7YU | (01.06.2022)
Страницы: Стр: 32
Комментарии (0)

Добавить комментарий

Другие Дрели Bosch