
Қазақ | 153
Жарық диодтары Қуаты
Жыпылықтау 1× жасыл 0−5%
Аккумулятор түрі ProCORE18V...
Жарық диодтары Қуаты
Үздіксіз жарық 5× жасыл 80−100%
Үздіксіз жарық 4× жасыл 60−80%
Үздіксіз жарық 3× жасыл 40−60%
Үздіксіз жарық 2× жасыл 20−40%
Үздіксіз жарық 1× жасыл 5−20%
Жыпылықтау 1× жасыл 0−5%
Құралды ауыстыру (A суретін қараңыз)
uАккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Ажыратқыш (13) басылмаған кезде бұрғылау шпинделі
бекітіледі. Бұл бұрғы патронында алмалы-салмалы
аспапты жылдам, оңай және жай алмастыруға мүмкіндік
береді.
Жылдам тартылатын бұрғылау патронын (2) айналу
бағытында бұрау арқылы аспап орнатылғаныша
ашыңыз. Аспапты орнатыңыз.
Жылдам тартылатын бұрғылау патронының (2) төлкесін
айналу бағытымен қолмен мықтап бекітіңіз. Бұрғылау
патроны автоматты түрде бекітіледі.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
uЖұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Нұсқау: Электр құралыңызға арналмаған аккумуляторды
пайдалану қате жұмыс істеуіне немесе электр құралының
зақымдануына алып келуі мүмкін.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (12) ұяшыққа
бекітілгенін және ұяшыққа берік тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз. Зарядталған аккумуляторды (7) разъемға
бекітілгенін және разъемға тығыз тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз.
Айналу бағытын реттеу (B суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (12) көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті (13) басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты: бұрғылау және шуруптарды
бұрап бекіту үшін айналу бағытының ауыстырып-
қосқышын (12) солға тірелгенше басыңыз.
Солға айналу: бұрандалар мен гайкаларды босату
немесе бұрап шығару үшін айналу бағытын ауыстырып-
қосқышты (12) солға қарай тірелгенше басыңыз.
Жұмыс режимін реттеу
Бұрғылау
GSR 18V-60 C
Айналу моментін алдын ала таңдауға
арналған реттегіш сақинаны(3) "Бұрғылау"
белгісіне орнатыңыз.
GSB 18V-60 C
Жұмыс режимін алдын ала таңдауға арналған
реттегіш сақинаны(4) "Бұрғылау" белгісіне
орнатыңыз.
Бұрау
GSR 18V-60 C
Айналу моментін алдын ала таңдауға
арналған реттегіш сақинаны(3) қажетті
айналу моментіне орнатыңыз.
GSB 18V-60 C
Жұмыс режимін алдын ала таңдауға арналған
реттегіш сақинаны(4) "Бұрау" белгісіне
орнатыңыз.
Айналу моментін алдын ала таңдауға
арналған реттегіш сақинаны(3) қажетті
айналу моментіне орнатыңыз.
Соққымен бұрғылау
GSB 18V-60 C
Жұмыс режимін алдын ала таңдауға арналған
реттегіш сақинаны(4) "Соққымен бұрғылау"
белгісіне орнатыңыз.
Ажыратқыш
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (13)
басып тұрыңыз.
Bosch Power Tools 1 609 92A 87P | (18.08.2022)
Добавить комментарий