Bosch GSB 16 RE

Данная инструкция на русском языке предназначена для дрели Bosch GSB 16 RE, описывает принцип работы и основные моменты эксплуатации устройства. Перед первым включением рекомендуется внимательно изучить данное руководство.

Инструкция для дрели представлена в формате PDF, который поддерживается на всех современных устройствах, так что сложностей с открытием файла возникнуть не должно. Но если открыть документ не получается, установите любую программу для чтения PDF файлов, например Acrobat Reader.

Чтобы распечатать инструкцию, нужно ее сначала скачать, для этого кликните по кнопке «Скачать инструкцию», файл откроется в новой вкладке, затем нажмите комбинацию клавиш Сtrl + P и из открывшегося диалогового окна, отправьте документ на печать.

Страницы: Стр:
118 | Қазақ
Оңға айналу: бұрғылау және бұрандаларды бұрап кіргізу
үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты(3) сол
жағынан жоғары жылжытып, дәл сол уақытта оң жағынан
төмен қарай жылжытыңыз.
Солға айналу: бұрандалар мен гайкаларды босату
немесе бұрап шығару үшін айналу бағытын ауыстырып-
қосқышты (3) сол жағынан төмен қарай жылжытып, дәл
сол уақытта оң жағынан жоғары қарай жылжытыңыз.
Жұмыс режимін реттеу
Бұрғылау және бұрау
Ауыстырып-қосқышты (2) "Бұрғылау"
белгісіне жылжытыңыз.
Соққымен бұрғылау
Ауыстырып-қосқышты (2) "Соққымен
бұрғылау" белгісіне жылжытыңыз.
Ауыстырып-қосқыш (2) тіреліп, қозғалтқыш жұмыс істеп
тұрғанда да қолданылуы мүмкін.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (5) басып
тұрыңыз.
Басылған ажыратқышты (5) бекіту үшін бекіту түймесін
(4) басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, ажыратқышты (5) жіберіңіз
немесе бекіту түймесімен (4) құлыптанған болса,
ажыратқышты (5) қысқа уақыт басып жіберіңіз.
Айналымдар/қағу санын реттеу
Ажыратқышты (5) басу күшін өзгерте отырып, қосылған
электр құралының айналымдар/қағулар санын біртіндеп
реттеуге болады.
Ажыратқышты (5) жай басу төмен айналымдар/қағулар
санын қосады. Басу күшейсе айналымдар/қағулар саны
көбейеді.
Айналымдар санын/қағулар санын таңдау
Айналымдар санын таңдайтын реттеуші (6) арқылы
қажетті айналымдар санын/қағулар санын жұмыс істеу
кезінде реттеуге болады.
Талап етілетін айналымдар санын/қағулар санын
материалмен жұмыс жасау жағдайына байланысты
тәжірибе арқылы анықтауға болады.
Пайдалану нұсқаулары
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
uЭлектр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары
сырғып кетуі мүмкін.
Электр құралмен ұзақ жұмыс істегеннен кейін салқындату
үшін 3 минутқа ең жоғары айналымдар санына қосу
керек.
Плиткаларды бұрғылау үшін ауыстырып-қосқышты (2)
"Бұрғылау“ белгісіне орнатыңыз. Плитканы тесіп
өткеннен соң аустырып-аустырып қосышты
„перфоратормен бұрағылау“белгісіне өткізіп соққымен
істеңіз.
Бетон, тас және құрылыста қатты метал бұрғысын
пайдаланыңыз.
Металда бұрғылау үшін жоғары сапалы, тез кесетін
болаттан жасалған мүлтіксіз, өткірленген бұрғыларды
пайдаланыңыз. Bosch керек-жарақтары бағдарламасы
тиісті сапаға кепілдік береді.
Бұрғы өткірлеу құралымен (керек-жарақ) 2,5–10 мм
диаметрлік спиральді бұрғыны өткірлеуге болады.
Айрықша дәлдікті талап ететін жұмыстар үшін бұрғылау
станинасын (керек-жарақ) пайдаланыңыз.
Керек-жарақ ретінде берілетін білдек қысқышы
дайындаманы мықтап қысуға көмектеседі. Бұл
дайындаманың бұралуына және пайда болатын
жазатайым оқиғаларға жол бермейді.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
uЖақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
1 609 92A 880 | (13.10.2022) Bosch Power Tools
Страницы: Стр: 23
Комментарии (0)

Добавить комментарий

Другие Дрели Bosch