
140 | Қазақ
uАспап өндірушімен жасалмаған немесе ұсынбаған
керек-жарақтарды пайдаланбаңыз. Керек-жарақ
электр құралыңызға сай келсе де, қауіпсіз жұмыс істеу
қамтамасыз етілмейді.
uТегістеу керек-жарақтардың есептелген
жылдамдығы кемінде электр құралында
белгіленген максималдық жылдамдыққа тең
болуы керек. Есептелген жылдамдығынан тезірек
істеп тұрған тегістеу керек-жарақтары сынуы, ұшып
кетуі мүмкін.
uПайдаланатын жұмыс құралының сыртқы
диаметрі мен қалыңдығы электр құралының
өлшемдеріне сай болуы керек. Қате өлшемде керек
жарақтар дұрыс басқарылмайды.
uДөңгелектер мен құммен тазалау барабандарын
қондыру орнының өлшемдері электр құралының
шпинделіне немесе цангасына сай болуы тиіс.
Электр құралының орнату аспаптарына сай болмаған
керек-жарақтар теңгерімнен шығып, қатты тербеліп,
бақылауды жоғалтуға әкеледі.
uҚұралбілікте орнатылған дөңгелектер, құммен
тазалау барабаны, кескіштер немесе басқа керек-
жарақтар төлке немесе патронға толығымен
салынуы керек. Егер құралбілік дұрыс бекітілмесе
және/немесе дөңгелек көп шығып тұрса, орнатылған
дөңгелек босап, қатты жылдамдықта шығуы мүмкін.
uЗақымдалған керек-жарақтарды пайдаланбаңыз.
Әр пайдаланудан алдын абразивті дөңгелек сияқты
керек-жарақтарды сынық пен жарықтарға, құмман
тазалау барабаын етек дискіні жарықтарға, тозу
немесе артықшылықтарына, сым қылшақты бос
немесе сынған сымдарға тексеріңіз. Егер электр
құралы немесе керек-жарақтар түсіп кетсе, оның
зақымдалмағанын тексеріңіз, қажет болса
зақымдалмаған керек-жарақтарды орнатыңыз.
Керек-жарақтарды тексеріп орнатудан соң, өзіңізді
және басқа адамдарды айналып тұрған керек-
жарақтар аймағынан алыстатып, электр құралын
максималды жүктеусіз жылдамдықпен бір минут
айналдырыңыз. Зақымдалған керек-жарақтар әдетте
сынақ уақытында сынады.
uЖеке қорғаныс құралдарын (қауіпсіздік
көзілдірігін, қорғаныс қалқаны, бас киім және т.б.)
пайдаланыңыз. Пайдалануға байланысты
қорғағыш масканы, қауіпсіздік көзілдіріктерін
қолданыңыз. Керек болғанда, шаң маскасын,
құлақ қорғағыштарын, қолғап және кіші абразивті
бөлшектерді немесе дайындама бөлшектерін ұстай
алатын шеберхана алжапқышын пайдаланыңыз.
Түрлі·жұмыстар барысында пайда болатын
ұшатын·бөтен бөлшектерден қорғайтын қауіпсіздік
көзілдірігін пайдаланыңыз. Шаң маскасы немесе
респиратор ұсақ бөлшектерден, шаңнан қорғауы
керек. Ұзақ шулар есту қабілетін жоғалтуға әкелуі
мүмкін.
uБөтен адамдардың жұмыс аймағынан қауіпсіз
аймақта болуын қамтамасыз етіңіз. Жұмыс
аймағына кіретін кез келген адам жеке қорғағыш
жабдықтарды киюі керек. Дайындама бөлшектері
немесе сынған керек-жарақтар ұшып, әрекет
аймағынан тыс жайда жақарат тигізуі мүмкін.
uКесетін керек-жарақтан жасырын сымдар немесе
өз сымына тиюі мүмкін әрекеттерді жасаған кезде
электр құрылғы оқшауланған ұстау жайынан
ұстаңыз. Егер кесуші аспап істеп тұрған сымға тисе
электр құралының метал бөлшектерін істетіп
пайдаланушыны тоқ соғуы мүмкін.
uІске қосылғанда аспапты әрдайым қолда қатты
ұстаңыз. Мотордың реакция бұрау моменті, толық
жылдамдыққа көтерілгенде аспапты бұрап кетуі
мүмкін.
uОңай болғанда дайындаманы тіреу үшін
қысқыштарды пайдаланыңыз. Кіші дайындаманы
ешқашан бір қолда ұстап екінші қолмен аспапты
ұстап істетпеңіз. Кіші дайындаманы қысып қолдарды
аспапты бақылау үшін пайдалануға болады. Қада,
құбыр немесе тюбинг сияқты домалақ материалдар
кесіліп тұрғанда айналып кетіп қонырманы тартып
кетуі немесе сізге қарай секріуіне алып келуі мүмкін.
uКабельді айналып тұрған аспаптардан алыс
ұстаңыз. Бақылауды жоғалтсаңыз, кабель кесіліп
немесе тартылып кетіп, қолыңыз айналып тұрған
аспапқа тартылуы мүмкін.
uАйналып тұрған аспап толық тоқтағанша электр
құралын қоймаңыз. Айналып тұрған керек-жарақтар
бетке тиіп, электр құралы бақылаудан шығуы мүмкін.
uҚондырмаларды алмастырып немесе өзгертіп,
цанка сомыны, ұстағыш немесе кез келген басқа
сәйкестендір құрылғылары қатты тартылғанын
қамтамасыз етіңіз. Бос сәйкестендіру құрылғылары
күтілмегенде көтеріліп, бақылау жоғалтуына алып
келіп, бос айналған бөлшектер күшті лақтырылуы
мүмкін.
uЭлектр құралын қасыңызда көтеріп тұрғанда
қоспаңыз. Айналып тұрған аспаптарға кездейсоқ тию
киіміңізді ұстап, аспапты денеңізге жақын апаруы
мүмкін.
uЭлектр құралының желдету саңылауларын жиі
тазартыңыз. Қозғалтқыш желдеткіші шаңды корпус
ішінде тартып, ұнтақталған металдың көп жиналуы
электрленуге алып келі мүмкін.
uЭлектр құралын жанатын материалдарға жақын
пайдаланбаңыз. Ұшқындар осы материалдарды
тұтандыруы мүмкін.
uСуытқыш сұйықтықты қажет ететін жұмыс
құралын пайдаланбаңыз. Су немесе басқа да
суытқыш сұйықтықты пайдалану электр тоғының
соғуына алып келуі мүмкін.
Кері соққы және тиісті·ескерту нұсқамалары
Қайтарым бұл соғылған немесе ұсталған айналып тұрған
дөңгелек, құммен тазалау барабаны, қылшақ немесе
басқа керек-жараққа болатын реакция. Соғу немесе ұстау
айналып тұрған аспаптың құлап кетуіне және электр
1 609 92A 6N7 | (06.08.2021) Bosch Power Tools
Добавить комментарий