Bosch GGS 18V-23 PLC

Данная инструкция на русском языке предназначена для шлифовальной машины Bosch GGS 18V-23 PLC, описывает принцип работы и основные моменты эксплуатации устройства. Перед первым включением рекомендуется внимательно изучить данное руководство.

Инструкция для шлифовальной машины представлена в формате PDF, который поддерживается на всех современных устройствах, так что сложностей с открытием файла возникнуть не должно. Но если открыть документ не получается, установите любую программу для чтения PDF файлов, например Acrobat Reader.

Чтобы распечатать инструкцию, нужно ее сначала скачать, для этого кликните по кнопке «Скачать инструкцию», файл откроется в новой вкладке, затем нажмите комбинацию клавиш Сtrl + P и из открывшегося диалогового окна, отправьте документ на печать.

Страницы: Стр:
Қазақ | 163
uКескіш аспаптарды өткір және таза күйде
сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір
кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай
бағытталады.
uЭлектр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.
Батарея құралын пайдалану және күту
uТек өндіруші сипаттаған зарядтағышмен қайта
зарядтаңыз. Батарея жинағының бір түріне сай
зарядтағыш басқа батарея жинағымен қолдануда өрт
қауіпіне адып келуі мүмкін.
uЭлектр құралдарын тек арнайы тағайындалған
батарея жинақтарымен пайдаланыңыз. Кез келген
басқа батарея жинақтарын пайдалану жарақаттану мен
өрт қауіпіне алып келеді.
uЕгер батарея жинағы қолдануда болмаса, оны
түйреуіш, тиын, кілт, шеге, бұранда немесе басқа
кіші метал заттардан ұстаңыз, олар бір
терминалдан басқасына байланыс жасауы мүмкін.
Батарея терминалдарын қосу күйік немесе өртке алып
келуі мүмкін.
uДұрыс емес пайдалануда батареядан сұйықтық
ағуы мүмкін, оған тимеңіз. Егер тиіп қалсаңыз,
сумен шайып тастаңыз. Егер сұйықтық көзге тисе
дәрігерге хабарласыңыз. Батареядан шаққан
сұйықтық қозу немесе күйіктерге алып келуі мүмкін.
Қызмет көрсету
uЭлектр құралына маманды жөндеуші тек бірдей
қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл
электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз
етеді.
Барлық жұмыстар бойынша қауіпсіздік
техникасының нұсқаулары
Майдалау, тегістеу, кесу және абразивті кесу
әрекеттеріне арналған қауіпсіздік нұсқаулары
uБұл электр құралы майдалағыш, тегістеуіш, кескіш
немесе абразивті кескіш құрал ретінде
пайдалануға арналған. Осы электр құралының
жинағындағы ескертулерді, нұсқауларды,
суреттерді және сипаттамаларды оқып шығыңыз.
Төменде келтірілген барлық нұсқауларды орындамау
ток соғуға, өртке және/немесе ауыр жарақаттануға
әкелуі мүмкін.
uСым қылшақтармен тазарту немесе жылтырату
сияқты әрекеттерді осы электр құралымен
орындамаған жөн. Электр құралына арналмаған
әрекеттер қауіпті жағдайды тудыруы және жеке
жарақаттануға әкелуі мүмкін.
uАспап өндірушімен жасалмаған немесе ұсынбаған
керек-жарақтарды пайдаланбаңыз. Керек-жарақ
электр құралыңызға сай келсе де, қауіпсіз жұмыс істеу
қамтамасыз етілмейді.
uТегістеу керек-жарақтардың есептелген
жылдамдығы кемінде электр құралында
белгіленген максималдық жылдамдыққа тең
болуы керек. Есептелген жылдамдығынан тезірек
істеп тұрған тегістеу керек-жарақтары сынуы, ұшып
кетуі мүмкін.
uПайдаланатын жұмыс құралының сыртқы
диаметрі мен қалыңдығы электр құралының
өлшемдеріне сай болуы керек. Қате өлшемде керек
жарақтар дұрыс басқарылмайды.
uДөңгелектер мен құммен тазалау барабандарын
қондыру орнының өлшемдері электр құралының
шпинделіне немесе цангасына сай болуы тиіс.
Электр құралының орнату аспаптарына сай болмаған
керек-жарақтар теңгерімнен шығып, қатты тербеліп,
бақылауды жоғалтуға әкеледі.
uҚұралбілікте орнатылған дөңгелектер, құммен
тазалау барабаны, кескіштер немесе басқа керек-
жарақтар төлке немесе патронға толығымен
салынуы керек. Егер құралбілік дұрыс бекітілмесе
және/немесе дөңгелек көп шығып тұрса, орнатылған
дөңгелек босап, қатты жылдамдықта шығуы мүмкін.
uЗақымдалған керек-жарақтарды пайдаланбаңыз.
Әр пайдаланудан алдын абразивті дөңгелек сияқты
керек-жарақтарды сынық пен жарықтарға, құмман
тазалау барабаын етек дискіні жарықтарға, тозу
немесе артықшылықтарына, сым қылшақты бос
немесе сынған сымдарға тексеріңіз. Егер электр
құралы немесе керек-жарақтар түсіп кетсе, оның
зақымдалмағанын тексеріңіз, қажет болса
зақымдалмаған керек-жарақтарды орнатыңыз.
Керек-жарақтарды тексеріп орнатудан соң, өзіңізді
және басқа адамдарды айналып тұрған керек-
жарақтар аймағынан алыстатып, электр құралын
максималды жүктеусіз жылдамдықпен бір минут
айналдырыңыз. Зақымдалған керек-жарақтар әдетте
сынақ уақытында сынады.
uЖеке қорғаныс құралдарын (қауіпсіздік
көзілдірігін, қорғаныс қалқаны, бас киім және т.б.)
пайдаланыңыз. Пайдалануға байланысты
қорғағыш масканы, қауіпсіздік көзілдіріктерін
қолданыңыз. Керек болғанда, шаң маскасын,
құлақ қорғағыштарын, қолғап және кіші абразивті
бөлшектерді немесе дайындама бөлшектерін ұстай
алатын шеберхана алжапқышын пайдаланыңыз.
Түрлі·жұмыстар барысында пайда болатын
ұшатын·бөтен бөлшектерден қорғайтын қауіпсіздік
көзілдірігін пайдаланыңыз. Шаң маскасы немесе
респиратор ұсақ бөлшектерден, шаңнан қорғауы
керек. Ұзақ шулар есту қабілетін жоғалтуға әкелуі
мүмкін.
uБөтен адамдардың жұмыс аймағынан қауіпсіз
аймақта болуын қамтамасыз етіңіз. Жұмыс
аймағына кіретін кез келген адам жеке қорғағыш
жабдықтарды киюі керек. Дайындама бөлшектері
Bosch Power Tools 1 609 92A 6DN | (15.06.2021)
Страницы: Стр: 25
Комментарии (0)

Добавить комментарий

Другие Шлифмашины Bosch