
122 | Қазақ
uАккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі
бар.
uШеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
uБұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші
өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы
аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ,
мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан,
кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз.
Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі
туындайды.
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға алып
келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы берілген өлшем аймағында бұрандаларды
бұрап кіргізу немесе шығаруға және сомындарды бұрап
бекіту немесе босатуға арналған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
(1) Аспап патроны
(2) Тасымалдау ілмегі
(3) Белдікті ұстайтын қысқышA)
(4) АккумуляторA)
(5) Аккумуляторды босату түймесіA)
(6) Айналу бағытын ауыстырып-қосқыш
(7) Ажыратқыш
(8) "PowerLight" шамы
(9) Тұтқа (беті оқшауландырылған)
(10) Алмалы-салмалы аспап (мысалы, бұрандалы
сомын)
A) Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды
біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Техникалық мәліметтер
Аккумуляторлық қағатын
бұрауыш GDS 18V-EC 250
Өнім нөмірі 3601JD81..
Аккумуляторлық қағатын
бұрауыш GDS 18V-EC 250
Номиналды кернеу B= 18
Бос жүріс күйіндегі айналу
жиілігіA) мин-1 0–2 400
Соққы саныA) мин-1 0–3 400
Макс. айналу моментіA) Нм 250
Машиналық
бұрандалардың диаметрі мм M10–M18
Құрал бекіткіші ½ дюйм
Салмағы EPTA-Procedure
01:2014
құжатына сайB)
кг 1,6–2,0
Зарядтау кезіндегі
ұсынылатын қоршаған орта
температурасы
°C 0...+35
Жұмыс кезіндегі және
сақтау кезіндегі рұқсат
етілген қоршаған орта
температурасы
°C –20...+50
Ұсынылатын
аккумуляторлар GBA 18V...
ProCORE18V...
Ұсынылатын зарядтағыш
құрылғылар GAL 18...
GAX 18...
GAL 36...
A) 20−25°C температурасында GBA 18V 4.0Ah
аккумуляторымен өлшенеді.
B) пайдаланған аккумуляторға байланысты
Шуыл және діріл туралы ақпарат
EN62841-2-2 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының
көрсеткіштері.
Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл
деңгейі әдетте келесідей болады: дыбыстық қысым
деңгейі 100дБ(А); дыбыстық қуат деңгейі 111дБ(А). K
дәлсіздігі=3дБ.
Құлақ қорғанысын тағыңыз!
Жалпы діріл мәндері ah (үш бағыттың векторлық
қосындысы) және K дәлсіздігі,EN62841-2-2 бойынша
есептелген:
Максималды рұқсат етілген өлшемдегі бұрандалар мен
гайкаларды тарту: ah = 18 м/с2, K=1,5 м/с2
Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл
эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша
өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен
салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы
тербелу және шу шығаруды бағалауға болады.
Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр
құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр
құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы
аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса
дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл
бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды
қатты көтеруі мүмкін.
1 609 92A 4PN | (16.11.2020) Bosch Power Tools
Добавить комментарий