
48 | Қaзақша
1 609 92A 19U | (30.9.16) Bosch Power Tools
Қaзақша
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану
құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы
нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар.
Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің
корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндірілген мерзімі бұйым корпусында көрсетілген.
Импорттаушы контакттік мәліметін орамада табу мүмкін.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Сору жабдықтарына арналған қауіпсіздік
нұсқаулықтары
Сору жабдығымен қолданатын электр құралының
пайдалану нұсқаулығындағы қауіпсіздік
нұсқауларын оқып ескеріңіз.
Электр құралында барлық жұмыстар алдында
(мысалы, орнату, аспапты алмастыру, тазалау және
т.б.) аккумуляторды электр құралынан
шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию
жарақаттану қаупін тудырады.
Өрт қаупі бар! Орнатылған сорғыш аспабымен
ешқандай металды дайындамаларды өңдемеңіз.
Қызған метал жоңқалары сорғыш аспабының
бөліктерін жандыруы мүмкін.
Құлақ сақтағышын киіңіз. Шуыл әсерінен есту
қабілетіңіз зақымдануы мүмкін.
Жарамды мемлекеттік пен халықаралық
нормаларды ескеріңіз.
Сақтау
–құрғақ жерде сақтау керек
–жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің
әсерінен алыс сақтау керек
–сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан
қорғау керек
–сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін
МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
–тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез
келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым
салынады
–босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын
машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді.
–тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150
(5 шарт) құжатын оқыңыз.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Сору жабдығының жинағындағы
барлық ескертулер мен
нұсқаулықтарды оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына,
өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі
мүмкін.
Сору жабдығының суреті бар бетті ашып, пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Сору жабдығы бетонды, кірпішті, тасты, керамиканы және
плиткаларды бұрғылауда бұрғылау шаңын соруға
арналған. Ағашты, металды, немесе пластмассаны
бұрғылауда сору жабдығын орнатуға болмайды.
Сору жабдығын тек төмендегі перфораторлармен ғана
пайдалануға болады:
– GBH 18V-26
– GBH 18V-26 F
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірлері мен суреттер бар
беттегі сору құрылғысының сипаттамасына қатысты.
1SDS-plus ауыстырмалы бұрғы патроны үшін шаңсору
тесігі
2SDS-plus қатты бұрғы патроны үшін шаңсору тесігі
3Бұрғылау тереңдігін реттеу түймесі
4Тереңдік планкасының шкаласын бағыттауыш
5Бұрғылау ұзындығын реттеу түймесі
6Шаң қорабы үшін босату пернесі
7Әйнек
8Сору жабдығын босату түймесі
9Корпус бағыттауышы
10 Контакттар
11 Бағыттауыш ойық
12 Бұғаттау түймесі
13 Шаң қорабы
14 HEPA сүзгісі*
15 HEPA сүзгісінің бекіткіштері
* HEPA сүзгісі өлшемі 0,3 үлкен бөлшектердің 99,97 % алып
тастайды.
Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің
жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Техникалық мәліметтер
Жинау
Сору жабдығын бекітіңіз (А суретін қараңыз)
– Перфораторды бағыттауыш ойығымен 11 сору
жабдығының корпус бағыттауышына 9 қойып, сору
жабдығын перфораторға жылжытыңыз.
Сору жабдығының тірелген дыбысын есту керек.
Сору жабдығы GDE 18V-16
Өнім нөмірі 1 600 A00 51N
Бұрғылау диаметрі мм 4–16
макс. бұрғы ұзындығы мм 165
макс. бұрғылау ұзындығы мм 100
EPTA-Procedure 01:2014
құжатына сай салмағы кг 1,2
OBJ_BUCH-2783-001.book Page 48 Friday, September 30, 2016 2:30 PM
Добавить комментарий