Bosch GBR 15 CAG

Данная инструкция на русском языке предназначена для шлифовальной машины Bosch GBR 15 CAG, описывает принцип работы и основные моменты эксплуатации устройства. Перед первым включением рекомендуется внимательно изучить данное руководство.

Инструкция для шлифовальной машины представлена в формате PDF, который поддерживается на всех современных устройствах, так что сложностей с открытием файла возникнуть не должно. Но если открыть документ не получается, установите любую программу для чтения PDF файлов, например Acrobat Reader.

Чтобы распечатать инструкцию, нужно ее сначала скачать, для этого кликните по кнопке «Скачать инструкцию», файл откроется в новой вкладке, затем нажмите комбинацию клавиш Сtrl + P и из открывшегося диалогового окна, отправьте документ на печать.

Страницы: Стр:
156 | Қaзақша
1 609 92A 2AS | (24.3.16) Bosch Power Tools
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.
Қажетті темір іздеу құралдарын пайдаланып,
жасырылған су, газ, электр сымдарын табыңыз
немесе жергілікті қызмет көрсету ұйымдарын
шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ
соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау
жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырына тию
материалдық зиян немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін.
Қуат өшсе, мысалы, желіде қуат жоқ болып қалса
немесе ашаны розеткадан суырғанда сөндіргіш
бекіткішін алыңыз және өшірулі күйіне орнатыңыз.
Бұл арқылы кездейсоқ қосылу болмайды.
Тасты өңдеуде шаңсоруды пайдаланыңыз.
Шаңсорғышта тас шаңын соруға рұқсат болуы
керек. Осы жабдықтарды пайдалану шаң қауптерін
төмендетеді.
Суымаған ажарлау дискілеріне тимеңіз. Шеңберлер
жұмыс кезінде қызады.
Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
Алмас тостаған тәрізді тегістеу дөңгелектерінің
қауіпсіздік техникасы туралы жалпы нұсқаулары
Тек электр құралға сай, қолайлы шаңсорғышқа
қосылған шығару қаптамасымен жұмыс істеңіз.
Өңделетін материал үшін жарамды алмас тостаған
тәрізді тегістеу дөңгелегін таңдаңыз. Материал
орамасындағы нұсқауларды орындаңыз.
Монтаждау алдында қысу құрылғысын,
шпиндельді, алмас, тостаған тәрізді тегістеу
дөңгелегін тазалаңыз.
Алмас, тостаған тәрізді тегістеу дөңгелегінің
өлшеміне назар аударыңыз. Орнату тесігінің
диаметрі тірек фланецке сәйкес болуы керек.
Жалғастырғыш тетіктерді немесе адаптерлерді
пайдаланбаңыз. Алмас, тостаған тәрізді тегістеу
дөңгелегінің тесігін кеңейтуге болмайды.
Алмас, тостаған тәрізді тегістеу дөңгелегінің
рұқсатты ең жоғары жылдамдығы, кемінде,
құралдың қуатына сәйкес болуы керек.
Электр құрал зақымдалмауы үшін тасымалдау
алдында алмас, тостаған тәрізді тегістеу дөңгелегін
шешіп алыңыз.
Жұмыстан ең жоғары нәтиже алу үшін тек төмен
қысымда, қисайтусыз, итерулерсіз және кесулерсіз
тегістеу керек.
Алмас, тостаған тәрізді тегістеу дөңгелектері
жұмыс уақытында қатты қызуы мүмкін, оларға
суығанша тимеңіз.
Электр құралды тек алмас, тостаған тәрізді тегістеу
дөңгелегі тоқтағанда ғана қойыңыз.
Ашу және жабу үшін қысу гайкасын және гайка
кілтін 3 607 950 017 пайдаланыңыз.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді сақтамау тоқтың
соғуына, өрт және/немесе ауыр
жарақаттануларға апаруы мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құрал құрғақ тегістеуге, қылауларды кетіруге және
негізінен минералдық материалдарды (мысалы, бетонды,
тасты, мәрмәрді және тас еденді) тегістеуге арналған.
Сондай-ақ ол қорғағыш қабаттарды және желім
қалдықтарын кетіруге жарамды. Алмас, тостаған тәрізді
тегістеу дөңгелегі қолданылатын электр құралды тек M
сыныпты шаңсорғышты қосып пайдалану керек.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
1Қосқыш/өшіргіш
2Қосымша тұтқа
3Қорғағыш және шығару қаптамасы
4Қос секциялы қылшақ (GBR 15 CAG)
5Ойық (GBR 15 CAG)
6Қорғағыш қаптаманың қозғалмалы бөлігі
(GBR 15 CAG)
7Бұғаттау(GBR 15 CAG)
8Аспирациялық келте құбыр
9Шпиндельді бекіту түймесі
10 Сорғыш шланг*
11 Сақиналы қылшақ (GBR 15 CA)
12 Тұтқа (беті оқшауландырылған)
13 Ажарлау шпинделі
14 Дөңгелек қимасы бар тірек фланеці
15 Алмас тостаған*
16 Қысқыш гайка
17 Тез қысқыш гайка *
18 Қысатын сомынның екі тесікті кілті
*Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің
жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
OBJ_BUCH-2019-004.book Page 156 Thursday, March 24, 2016 8:41 AM
Страницы: Стр: 26
Комментарии (0)

Добавить комментарий

Другие Шлифмашины Bosch