
Қазақ | 101
пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды
пайдаланбауы тиіс.
Электр құралдарын пайдалану және күту
uҚұралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін
жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды
электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі
сенімді жұмыс істейсіз.
uАжыратқышы дұрыс емес электр құралын
пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын
электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
болады.
uЖабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында,
ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе
аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр
құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр
құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
uПайдаланылмайтын электр құралдарды балалар
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
болады.
uЭлектр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты
күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз
істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің
ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр
құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Зақымдалған бөлшектері бар құралды
пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр
құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға
себеп болып жатады.
uКескіш аспаптарды өткір және таза күйде
сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір
кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай
бағытталады.
uЭлектр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.
uҚолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және
май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар
мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді
қолдану мен бақылауға жол бермейді.
Қызмет көрсету
uЭлектр құралына маманды жөндеуші тек бірдей
қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл
электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз
етеді.
Бұрғылар үшін қауіпсіздік нұсқаулары
Барлық операциялар үшін қауіпсіздік нұсқаулары
uҚосымша тұтқаны/тұтқаларды пайдаланыңыз.
Бақылау мүмкіндігінен айырылу жарақат алуға әкелуі
мүмкін.
uКесетін керек-жарақтан жасырын сымдар немесе
өз сымына тиюі мүмкін әрекеттерді жасаған кезде
электр құрылы оқшауланған ұстау жайынан
ұстаңыз. Егер кесуші аспап істеп тұрған сымға тисе
электр құралының метал бөлшектерін істетіп
пайдаланушыны тоқ соғуы мүмкін.
Ұзын бұрғы қондырмаларын пайдалану үшін
қауіпсіздік нұсқаулары
uБұрғы қондырмасының максималдық
жылдамдығынан жоғары жылдамдықта жұмыс
істемеңіз. Жоғары жылдамдықтарда қондырма
дайындамаға тимей бос айналса бүгіліп жеке
жарақаттануға алып келуі мүмкін.
uӘрдайым бұрғылауды төмен жылдамдықта және
қондырма ұшы дайындамаға тиіп тұрған күйде
бастаңыз. Жоғары жылдамдықтарда қондырма
дайындамаға тимей бос айналса бүгіліп жеке
жарақаттануға алып келуі мүмкін.
uҚондырмаға сай сызықта басыңыз, тым қатты
баспаңыз. Қондырмалар бүгіліп сынуға немесе
бақылау жоғалтуға және жеке жарақаттануға алып
келуі мүмкін.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
uДайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
uСыналанса, электр құралын бірден сөндіріңіз.
Тебуді тудыратын жоғары реактивті күштерден
абай болыңыз. Электр құрал егер электр құралы
артық жүктелсе немесе өңделетін дайындамада
қысылса ол сыналады.
uҚажетті іздеу құралдарын пайдаланып
жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты
жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр
сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі
мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
uЭлектр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына,
өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға
алып келуі мүмкін.
Bosch Power Tools 1 609 92A 7GL | (26.07.2022)
Добавить комментарий