Bosch GBM 13-2 RE

Данная инструкция на русском языке предназначена для дрели Bosch GBM 13-2 RE, описывает принцип работы и основные моменты эксплуатации устройства. Перед первым включением рекомендуется внимательно изучить данное руководство.

Инструкция для дрели представлена в формате PDF, который поддерживается на всех современных устройствах, так что сложностей с открытием файла возникнуть не должно. Но если открыть документ не получается, установите любую программу для чтения PDF файлов, например Acrobat Reader.

Чтобы распечатать инструкцию, нужно ее сначала скачать, для этого кликните по кнопке «Скачать инструкцию», файл откроется в новой вкладке, затем нажмите комбинацию клавиш Сtrl + P и из открывшегося диалогового окна, отправьте документ на печать.

Страницы: Стр:
130 | Қазақ
Қысқыш төлкені (18) алмалы-салмалы аспап
енгізілгенше сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Алмалы-салмалы аспапты толықтай кіргізіп, оны құрал
бекіткішінде ұстаңыз және қысқыш төлкені (18) сағат
тілінің бағытына қарсы қолмен қатты бұраңыз. Бұл ретте
ұстағыш сақинаны (20) берік ұстаңыз.
Бекіткіш сақинаны (19) "LOCK" бағытымен бұраңыз.
Нұсқау: шағын бұрғыларды орнату кезінде құрал
бекіткішін алдымен шамамен алынған бұрғы диаметріне
реттеп шығыңыз. Әйтпесе бұрғы ортаға келмей
орнатылуы мүмкін.
Алмалы-салмалы аспапты шығару
Бекіткіш сақинаны (19) "UNLOCK" бағытымен бұраңыз.
Қысқыш төлкені (18) алмалы-салмалы аспапты шығару
мүмкін болғанша сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Бұрауыш құралдар (E суретін қараңыз)
Бұрауыш биттерді (14) пайдаланғанда әрқашан әмбебап
бит ұстағышын (15) пайдаланыңыз. Тек бұранда
бастиегіне жарамды бұрауыш биттерді пайдаланыңыз.
Бұрғылау патронын алмастыру
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Бекіткіш бұранданы шығару
Жылдам қысқыш бұрғылау патроны (1) немесе тісті
тәждік бұрғылау патроны (13) бұрғылау шпинделінен
кездейсоқ босап кетпеуі үшін бекіткіш бұрандамен (16)
бекітілген. Жылдам қысқыш бұрғылау патронын (1)
немесе тісті тәждік бұрғылау патронын (13) толықтай
ашып, бекіткіш бұранданы (16) сағат тілінің бағытымен
бұрап шығарыңыз. Бекіткіш бұранданың сол жақ
оймасы бар болуын қадағалаңыз.
Егер бекіткіш бұранда (17) жылжымай тұрса, бұрауышты
бұранда бастиегіне орнатып, бұрауыштың тұтқасындағы
бекіткіш бұранданы қағып босатыңыз.
Тісті тәждік бұрғылау патронын бөлшектеу (F суретін
қараңыз)
Тісті тәждік бұрғы патронын (13) бөлшектеу үшін айыр
тәрізді кілтті (17) (кілт ені 17мм) жетек шпинделінің кілт
жазықтығына орнатыңыз.
Электр құралын тұрақты бетке, мысалы, верстакқа
қойыңыз.
Бұрғылау патронының кілтін (12) тісті тәждік бұрғылау
патронының (13) үш саңылауының біріне енгізіп, тісті
тәждік бұрғылау патронын (13) осы иінтірекпен сағат
тілінің бағытына қарсы бұрау арқылы босатыңыз. Нық
орнатылған тісті тәждік бұрғылау патронын бұрғылау
патронының кілтіне (12) жеңіл қағу арқылы босатуға
болады.
Бұрғылау патронының кілтін (12) тісті тәждік бұрғылау
патронынан шығарып, тісті тәждік бұрғылау патронын
толықтай бұрап шығарыңыз.
Жылдам қысқыш бұрғылау патронын / бекіткіш
сақинасы бар жылдам қысқыш бұрғылау патронын
бөлшектеу
Жылдам қысқыш бұрғылау патронын (1) және бекіткіш
сақинасы бар жылдам қысқыш бұрғылау патронын
бөлшектеу үшін алты қырлы дөңбек кілтті жылдам
қысқыш бұрғылау патронына салып, айыр тәрізді кілтті
(17) (кілт ені 17) жетек шпинделінің кілт жазықтығына
қойыңыз.
Электр құралын тұрақты бетке, мысалы, верстакқа
қойыңыз.
Айыр тәрізді кілтті (17) мықтап ұстап, жылдам қысқыш
бұрғылау патронын алты қырлы дөңбек кілтті сағат тілінің
бағытына қарсы бұрау арқылы босатыңыз. Нық
орнатылған жылдам қысқыш бұрғылау патронын алты
қырлы дөңбек кілттің ұзын білігін жеңіл қағу арқылы
босатуға болады.
Алты қырлы дөңбек кілтті жылдам қысқыш бұрғылау
патронынан (1) шығарып, жылдам қысқыш бұрғылау
патронын (1) толықтай бұрап шығарыңыз.
Бұрғылау патронын орнату
Жылдам қысқыш бұрғылау патронын / бекіткіш сақинасы
бар жылдам қысқыш бұрғылау патронын / тісті тәждік
бұрғылау патронын орнату жұмысы кері реттілік
бойынша орындалады.
Бұрғылау патронын шамамен 50–55 Нм
тарту моментімен бекемдеу қажет.
Жылдам қысқыш/тісті тәждік бұрғылау патронында
Бекіткіш бұранданы (16) сағат тілінің бағытына қарсы
ашылған жылдам қысқыш/тісті тәждік бұрғылау
патронына бұрап кіргізіңіз.
Әрдайым жаңа бекіткіш бұранданы пайдаланыңыз,
себебі оның оймасына бірнеше рет пайдаланғаннан кейін
жойылатын бекіткіш желім жағылған.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
uЖұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
1 609 92A 6N8 | (20.10.2021) Bosch Power Tools
Страницы: Стр: 25
Комментарии (0)

Добавить комментарий

Другие Дрели Bosch