Bosch Easy Aquatak 120

Данная инструкция на русском языке предназначена для мойки высокого давления Bosch Easy Aquatak 120, описывает принцип работы и основные моменты эксплуатации устройства. Перед первым включением рекомендуется внимательно изучить данное руководство.

Инструкция для мойки высокого давления представлена в формате PDF, который поддерживается на всех современных устройствах, так что сложностей с открытием файла возникнуть не должно. Но если открыть документ не получается, установите любую программу для чтения PDF файлов, например Acrobat Reader.

Чтобы распечатать инструкцию, нужно ее сначала скачать, для этого кликните по кнопке «Скачать инструкцию», файл откроется в новой вкладке, затем нажмите комбинацию клавиш Сtrl + P и из открывшегося диалогового окна, отправьте документ на печать.

Страницы: Стр:
134 | Қазақ
Электр тоқ жүйесіне қосу
uТоқ көзінің кернеуі электр бұйымның зауыттық
тақташасындағы мәндеріне сай болуы тиіс.
uОсы электр бұйымды тек қана 30мА
дифференциалдық қорғаныстың автоматты айырғышы
арқылы қауіпсіздірілінген электр розеткасына
қосуыңыз лазым.
Қуат беру жүйесінің сақтандырғыш
ажыратқышы кемінде С түрінде болып,
≥10A мәнін көрсетіп тұруы тиіс.
uЭлектр қуат беру қондырғылардың орнатылуы
лайықты білікті электрик маманы арқылы өтқізілуі тиіс
және IEC 60364-1 талаптарына сай болуы керек.
uЖалғастыру кабелі немесе желілік ашасы зақымдалған
қалыпта болған жағдайда оны жөндеу жұмыстары
Bosch компаниясының уәкілетті техникалық қызмет
көрсету орталығы арқылы өткізілуі тиіс.
uЭлектрбұйымды тек қысқа уақыт бойы қараусыз
қалдырсаңыз да, электрбұйым ашасын
электррозеткасынан шығарып қойыңыз.
uКабель ашасын ешқашан ылғалды қолмен ұстамаңыз.
uЭлектрбұйыммен жұмыс істеп жүргеніңізде кабель
ашасын тартып шығармаңыз.
uТоқ беру жүйесіне қосу кабелі немесе біріктіруші
кабелінің үстінен басып жүрмеңіз, оны жаншып
кетпеңіз немесе оны ұстап тартпаңыз - кабелдің
зақымданып және бұзылып кетуі мүмкін. Кабелді
ыстықтан, майлы және өткір бұрыштардан қорғаңыз.
uЭлектрбұйымның желі кабелі немесе жоғары қысым
шлангі, бүріккіш атқышы сияқты маңызды бөлшектері,
немесе қауіпсіздік жүйе бөлшектері зақымданып
бұзылған қалыпта болғанда электрбұйымды
қолданбаңыз.
Назар аударыңыз: Нұсқаулықта көрсетілген
нұсқауларға сай болмаған біріктіргіш
кабелдер қауіп тұдыра алады. Ұзарту
кабелін қолданғанда аша мен розетка су өткізбейтін және
сыртта пайдалануға жарамды болуы керек.
Ұзарту кабелін қолданғанда ұзарту кабелінің өлшемдері
келесідей болуы тиіс:
Ø 2,5 мм2, максималды ұзындығы 25 м
uНазарыңызда болсын: Ұзарту кабелі пайдаланған
жағдайда ол жергілікті заңдық талаптарға сай жерге
тұйықталуы тиіс және аша арқылы қуат көзінің жерге
қосу сымына қосылуы керек.
uЖалғағыштар (аша және штепсельдік розетка) құрғақ
түрде ұсталуы тиіс және жерде жатпауы керек.
Су беру жүйесіне қосу
uӨзіңіздің сумен камтамасыз ету мекемеңіздің
ережелері мен нұсқауларына назар аударыңыз.
uБүкіл қосу шлангтерін бұрандалармен бекітуі тығыз
болуы керек.
uДиаметрі 12,7мм (1/2") болған күшейтілген шлангісін
ғана қолданыңыз.
uЭлектрбұйымды ешқашан кері тетіксіз су беру
жүйесіне қосуға болмайды. Кері тетігі арқылы ағып
шыққан су ішу үшін жарамсыз болады.
uЖоғары қысым шлангі зақымданып бұзылған қалыпта
болмауы тиіс (жарылып бөлініп кету қауіп).
Зақымдалып бұзылған жоғары қысым шлангісін дереу
ауыстыруыңыз керек. Тек қана шығарушы тарапынан
ұсынылған шлангтер мен біріктіру бөлшектерін
қолдануға болады.
uЖоғары қысым шлангтер, арматура мен біріктірушілер
электрбұйым қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Тек қана
шығарушы тарапынан ұсынылған шлангтерін,
арматура мен біріктірушілерді қолданыңыз.
uСу беру жүйесіне қосу үшін тек қана таза немесе
фильтрмен тазартылған суды қолдануға болады.
Қолдану
uЭлектрбұйымды қолдану алдынан оның жұмысқа
лайықты қалыпта болуын және жұмыс қауіпсіздігін
тексеру керек. Лайықсыз қалыпта болғанында оны
қолдануға болмайды.
uСу ағымын ешқашан өзіңізге немесе басқа адамдарға
қарай, киім немесе аяқ киімге бағыттамаңыз.
uБүріккіш буларының тұтанып кету, жарылу және улау
қауібі өте жоғары болу себебінен құрамында еріткіш
заттар бар сұйықтық, сұйылтылмаған қышқыл, ацетон
немесе еріткіш бұйымдарын, оның ішінде бензин,
бояу сұйылтқыштарын және жылыту үшін арналған
сұйық майларын қолдануға болмайды.
uЭлектрбұйымды қауіпті аймақтарда қолданғанда
(мысалы жанармай құю жерлерінде) лайықты
қауіпсіздік нұсқауларын қолдану керек. Жарылу қауібі
бар бөлмелерде қолдануға болмайды.
uЭлектрбұйым тұрақты үстілер үстінен қойылуы тиіс.
uЖабық бөлмелерде қолданған жағдайларда
желдетудің жеткілікті болуына назар аударыңыз.
Тазалау жұмыстарын өткізу барысында жылжымалы
электр бұйымдары мен көліктердің өшірілу болуын
(қозғалтқышы өшірілу боолуын) тексеріп алыңыз.
uЖоғары дәрежелі қысыммен істейтін тазартқышты екі
қолмен ұстап басқара отырып жұмыс істеу керек.
Ешқашан баспалдақта тұрып жұмыс істемеңіз.
Балкондарда немесе жоғары деңгейлерде болған
басқа үстілерде жұмыс істегеніңізде бұрыштардың
барлығы әрқашан көрініп тұра алатындығына назар
аударыңыз.
uБасқа шығарушылардың тазалау бұйымдарын немесе
химиялық заттарын қолдану құрал қауіпсіздігіне
жағымсыз түрде әсер ете алады.
uЖұмыс аймағында болған электр тоғын өткізетін
бөлшектерінің барлығы шашыранды суға қарсы
қорғалған болуы тиіс.
uБүріккіш атқыштын шаппалы тұтқышы жұмыс
барысында ON позициясында бекітіліп қалмауы тиіс.
uЖоғары қысыммен жұмыс істейтін тазалағыштарды
қолдану барысында аэрозольдардың пайда болуы
F 016 L94 123 | (22.11.2022) Bosch Power Tools
Страницы: Стр: 19
Комментарии (0)

Добавить комментарий

Другие Мойки высокого давления Bosch