
54 | Қазақ
Құралды алмастыру
Тез қысатын бұрғылау патроны (H суретін қараңыз)
Ажыратқыш (6) басылмаған кезде бұрғылау шпинделі
бекітіледі. Бұл бұрғы патронында алмалы-салмалы
аспапты жылдам, оңай және жай алмастыруға мүмкіндік
береді.
Жылдам тартылатын бұрғылау патронын (1) айналу
бағытында ➊ бұрау арқылы аспап орнатылғаныша
ашыңыз. Аспапты орнатыңыз.
Тез қысу патронының (1) гильзасын қолмен ➋ бағытында
сартылдаған дыбыс кеткенше бұраңыз. Бұрғылау
патроны автоматты түрде бекітіледі.
Бұғаттау алдыңғы гильзаны қарама-қарсы бағытта
айналдырғанда алынады.
Бұрауыш құралдар
Қондырма биталарды (25) пайдаланғанда әрқашан
әмбебап ұстағышты (24) пайдаланыңыз. Тек шуруп
басына жарайтын қондырма биталарды пайдаланыңыз.
Бұрап бекіту үшін "Бұрғылау/перфораторлық бұрғылау"
ауыстырып-қосқышын (2) әрдайым "Бұрғылау" белгісіне
орнатыңыз.
Бұрғылау патронын ауыстыру
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Бұрғылау патронын бөлшектеу (I суретін қараңыз)
Қосымша тұтқаны(9) бөлшектеп, беріліс ауыстырып-
қосқышын(3) 1-ші мен 2-ші беріліс арасындағы ортаңғы
күйге орнатыңыз.
Шамамен 50мм ұзындығымен Ø 4 м болат штифтіні
шпиндель мойнының ойығына салып бұрғы шпинделін
бекітіңіз. Ішкі алты қырлы гайка кілтін (27) қысқа
тұтқамен алға, тез қысатын бұрғылау патронына (1)
қысыңыз.
Электр құралын тұрақты негізге, мысалы верстакқа
қойыңыз. Электр құралын нық ұстап тұрып, тез қысатын
бұрғылау патронын (1) ішкі алты қырлы гайка кілтін (27)
айналу бағытымен ➊ бұрау арқылы босатыңыз. Берік
орнатылған тез қысатын бұрғылау патроны азғантай
соққымен ішкі алты қырлы гайка кілтінің (27) ұзын
ілгегінде босатылады. Алты қырлы дөңгелек кілтті тез
қысатын бұрғылау патронынан шығарып, тез қысатын
бұрғылау патронын толық бұрап шығарыңыз.
Бұрғылау патронын орнату (J суретін қараңыз)
Жылдам қысқыш бұрғылау патронын орнату әрекеті кері
реттілікпен орындалады.
Бұрғылау патронын шамамен 50–55 Нм
тарту моментімен бекемдеу қажет.
uБұрғылау патронын орнатудан соң болат штифтын
ойықтан қайта шығарыңыз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
uЖелі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220В жұмыс
істеуге болады.
Айналу бағытын реттеу (Kсуретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (4) көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті (6) басқанда бұл мүмкін емес.
Оңға айналу: бұрғылау және бұрандаларды бұрап кіргізу
үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (4) оңға
қарай тірелгенше басыңыз.
Солға айналу: бұрандалар мен гайкаларды босату
немесе бұрап шығару үшін айналу бағытын ауыстырып-
қосқышты (4) солға қарай тірелгенше басыңыз.
Жұмыс режимін реттеу
Бұрғылау және бұрау
Ауыстырып-қосқышты (2) "Бұрғылау"
белгісіне жылжытыңыз.
Соққымен бұрғылау
Ауыстырып-қосқышты (2) "Соққымен
бұрғылау" белгісіне жылжытыңыз.
Ауыстырып-қосқыш (2) тіреліп, қозғалтқыш жұмыс істеп
тұрғанда да қолданылуы мүмкін.
Берілістің механикалық таңдалуы
uБеріліс ауыстырып-қосқышын (3) электр құрал
баяу істеп тұрғанда пайдалануға болады. Алайда
мұны жұмыссыз күйде, толық жүктеме немесе
максималды айналымдар санында орындау
мүмкін емес.
Беріліс ауыстырып-қосқышы (3) арқылы 2 айналу
жиілігінің диапазонын таңдауға болады.
I беріліс:
Төмен айналу жиіліктерінің диапазоны;
үлкен бұрғылау диаметрімен жұмыс істеуге
немесе бұрауға арналған.
II беріліс:
Жоғары айналу жиіліктерінің диапазоны;
кіші саңылау диаметрімен жұмыс істеуге
арналған.
Беріліс ауыстырып-қосқышын (3) әрдайым көрсеткі
бағытымен бұраңыз.
Беріліс ауыстырып-қосқышы (3) тірелгенше бұралмаса,
редуктор шпинделін бұрғымен айналдырыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (6) басып
тұрыңыз.
Басылған ажыратқышты (6) бекіту үшін бекіту түймесін
(5) басыңыз.
1 609 92A 776 | (15.11.2021) Bosch Power Tools
Добавить комментарий