
150 | Қазақ
Жұмыс құралын ауыстыру
Енгізу құралын енгізу (A суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспапты тірелгенше патронға (2)
салыңыз. Алмалы-салмалы аспап ондағы магнит
ұстағышта тұрады.
Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз
Алмалы-салмалы аспапты ұстағыштан (2) шығарыңыз.
Тіркемені бекіту (B суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз.
Қондырманы құрал ұстағышқа (2) салыңыз. Қондырма
естіліп салынады.
Қондырманы тартып, беріктігін тексеріңіз.
Алмалы-салмалы аспапты қондырмаға салыңыз (C
суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспапты соңына дейін салыңыз.
Алмалы-салмалы аспап қондырмадағы магнит арқылы
ұсталады.
Бұранда ұстағыш (D суретін қараңыз)
Бұранда ұстағыш (16) арқылы бұрандалар тұрақты күйге
орнатылады, осылайша олар қондырмаға берік
бекітіледі.
Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз.
Бұранданы бұранда ұстағышқа (2) сырт етіп бекітілгенше
итеріңіз. Магнит қақпақты (15) электр құрылғы бағытына
қарай толықтай басыңыз.
Содан кейін бұрауышты (20) бұранда ұстағышқа (16)
орнатып, магнит қақпақты алға қарай бұрау биттерінен
тартыңыз.
Бұранданы бұрау битіне салыңыз.
Бұрғылау патронының қондырмасы (E суретін
қараңыз)
Бұрғы патронының қондырмасын (18) айналдыру бағыты
бойынша ➊ алмалы-салмалы аспап салынғанша ашыңыз.
Алмалы-салмалы аспапты орнатыңыз.
Бұрғылау патронының қондырмасын (18) айналдыру
бағыты бойынша ➋ қолмен бұраңыз. Бұрғылау патроны
автоматты түрде бекітіледі.
Қондырманы бұрау (F суретін қараңыз)
Электр құрылғыдан босату сақинасын (1) тартып
шығарып, қондырманы құрал ұстағыштан (2) алыңыз.
Қондырманы керекті күйге бұрап сосын қайта салып
қойыңыз.
Қондырманы тартып, беріктігін тексеріңіз.
Қондырманы шешу (G суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз.
Электр құрылғыдан босату сақинасын (1) тартып
шығарып, қондырманы құрал ұстағыштан (2) алыңыз.
Қондырмаларды комбинациялау (H суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз.
Аспирациялық келте құбырды (17) тию қорғанысына (2)
қойыңыз.
Беріктігін бұрыш қондырмасын (17) тартып тексеріңіз.
Бұрғылау патронының қондырмасын (18) бұрыш
қондырмасына (17) салыңыз.
Бұрғылау патроны қондырмасының (18) беріктігін
бекітпесін тартып тексеріңіз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
uЖұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Зарядталған аккумуляторды (9) электр құрылғының
ұшына артына, аккумулятор берік құлыпталғанша
салыңыз.
Айналу бағытын орнату
Электрондық бұрмалы ауыстырып-қосқыш (7) арқылы
электр құрылғының айналу бағытын өзгерте аласыз.
Дегенмен қосу/өшіру ауыстырып-қосқышы (14) қосылып
тұрса, бұл мүмкін емес.
Сағат тілі бағыты бойынша айналуды реттеу (I суретін
қараңыз)
Бұрандаларды бұрғылау және бұрап бекіту үшін
электрондық бұрмалы ауыстырып-қосқышты (7) төмен
басыңыз.
Сағат тілі бағытымен айналдыру индикаторы (5)
қосу/өшіру ауыстырып-қосқышын қосқан кезде
(14), бағытты кері бұру қосқышын (7) қосқанда
және қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда жанады.
Сағат тіліне қарсы бағытта айналуды орнату (J суретін
қараңыз)
Бұрандалар мен сомындарды бұрап босату үшін
электрондық бұрмалы ауыстырып-қосқышты (7)
басыңыз.
Сағат тіліне қарсы бағытта бұрау индикаторы
(6) қосу/өшіру ауыстырып-қосқышы (14) іске
1 609 92A 7WB | (20.06.2022) Bosch Power Tools
Добавить комментарий