
61
ҚАЗАҚША
Басқару
тақтасын
бұғаттау/
бұғаттан
босату
Тоңазыту
бөлімінде
температураны
орнату
Мұздату
бөлігіндегі
температураны
орнату
Егер «Супер салқындату» немесе «Супер мұздату» режимдері қосылған болса, тоңазытқыш
бөлімдеріндегі температураны реттеу мүмкін емес.
Егер «Супер салқындату» немесе «Супер мұздату»режимдері қосылған кезде тоңазытқышта
немесе мұздату бөлімінде температураның өзгеруі жүргізілсе, аталған режимдер өшіріледі.
Тоңазытқыш бөлімін өшіру үшін «А» түймесін 5 секунд ұстап тұру керек, содан кейін басқару
тақтасында «3» индикаторы жанады, дыбыстық сигнал естіледі және тоңазытқыш бөлімі
жұмысын тоқтатады. Тоңазытқыш бөлімін қосу үшін жоғарыдағы әрекетті қайталау қажет.
Ескертпе
«Супер салқындату» және «Супер мұздату» режимдерін қосу үшін «В» түймесін басу қажет.
Түймені әр басқан кезде режимдер келесі реттілікпен ауысады: «Супер салқындату» - «Супер
мұздату» - «Супер салқындату» және «Супер мұздату» (бір уақытта) - қалпына келтіру.
Таңдалған режим басқару панелін бұғаттаудан кейін қосылады.
«Супер салқындату» режимінде тоңазытқыш бөлімінде ең төменгі температура 2 °С
орнатылады, басқару тақтасында «4» индикаторы жанады. Бұл режим сусындарды немесе
балғын өнімдердің көп санын жылдам салқындатуға арналған.
• Режимді өшіру 6 сағат жұмыс істегеннен кейін автоматты түрде жүреді, содан кейін
тоңазытқыш бөліміндегі температура бұрын орнатылған температураға оралады.
«Супер
салқындату»
және «Супер
мұздату»
жұмыс
режимдері
«Супер
салқындату»
режимі
«Супер мұздату» режимінде мұздатқыш бөлімде ең төменгі температура -24 °С орнатылады,
дисплейде «8» индикаторы жанады. Бұл режим балғын өнімдердің көп санын жылдам
мұздатуға арналған.
• Режимді өшіру 26 сағат жұмыс істегеннен кейін автоматты түрде жүреді, содан кейін мұздату
бөліміндегі температура бұрын орнатылған температураға оралады
«Супер
мұздату»
режимі
Электр қуаты апаттық ажыратылған жағдайда тоңазытқыш электр қуаты қалпына
келтірілгеннен кейін бұрын белгіленген режимде жұмысын жалғастырады
Егер тоңазытқыштың есігі ашылғаннан кейін екі минут ішінде жабылмаса, есік жабылғанға
дейін әр секунд сайын сигнал естіледі. Дыбыстық дабылды өшіру үшін басқару тақтасындағы
кез келген түймені басу керек.
Қуаттауды
өшіру
Есікті ашу
дабылдамасы
БИРЮСА TD 330
• Егер түймелерді басу болмаса және тоңазытқыштың есіктері 30 секунд ішінде ашылмаса,
басқару тақтасы автоматты түрде бұғатталып, «5» индикаторы жанады. Бұғаттау режимінде
түймелерді басқару мүмкін емес. Бұғаттау режиміне ауысқаннан кейін 30 секундтан соң
басқару панеліндегі индикаторлар өшеді.
• Басқару тақтасын бұғаттан шығару үшін «С» түймесін 3 секунд ұстап тұру керек, содан
кейін «5» индикаторы сөніп, дыбыстық сигнал шығады.
• Басқару тақтасын бұғаттау үшін «D» түймесін 3 секунд ұстап тұру керек, содан кейін «5»
индикаторы жанады және дыбыстық сигнал шығады.
Тоңазыту бөлімінде температураны орнату үшін «А» түймесін басу қажет. Бұл ретте «2»
индикаторы жанады және «1» дисплейінде белгіленген температура көрсетіледі. «А»
түймесін әрбір келесі басу бөлімдегі белгіленген температураны 1 °С-қа төмендетеді және
дыбыстық сигналмен расталады.
Тоңазыту бөліміндегі температура 2 бастап 8 °С дейінгі ауқымда орнатылуы мүмкін.
Таңдалған температура басқару панелін бұғаттаудан кейін орнатылады.
Мұздату бөлімінде температураны орнату үшін «D» түймесін басу қажет. Бұл ретте «6»
индикаторы жанады және «1» дисплейінде белгіленген температура көрсетіледі. «D»
түймесін әрбір келесі басу бөлімдегі белгіленген температураны 1 °С-қа төмендетеді және
дыбыстық сигналмен расталады.
Мұздату бөліміндегі температура -24 °С бастап -16 °С дейінгі ауқымда орнатылуы мүмкін.
Таңдалған температура басқару панелін бұғаттаудан кейін орнатылады.
Тоңазыту
бөлімін
сөндіру
Автоматты
режим
Автоматты жұмыс режимінде тоңазытқыш оңтайлы қуат тұтыну режиміне өтеді, тоңазытқыш
бөлімінде 5°C, ал мұздатқыш бөлімінде -18°C температура орнатылады. Режимді қосу үшін
«Е» түймесін басу керек, ал «7»индикаторы жанады. Режимді сөндіру үшін «Е» түймесіне
қайтадан басу қажет.
Добавить комментарий