
16
ҚАЗАҚША
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
«Бирюса» тұрмыстық тоңазытқыштар-мұздатқыштар (бұдан әрі мәтін бойынша -
тоңазытқыштар) азық-түлікті қысқа мерзімге сақтауға және сусындарды балғын тағамдық
өнімдерді сақтауға арналған бөлімде суытуға, мұздатылған тағамдық өнімдерді сақтауға
арналған бөлімде мұздатылған азық-түліктерді мұздатуға және сақтауға арналған.
Тоңазытқыш белгілерінің мағынасын ашып көрсету:
«DI» - «Күңгірт тот баспайтын болат» түстік сызығы;
«I» - «Тот баспайтын болат» түстік сызығы;
«TBG» - «Текстураланған қара шыны» түстік сызығы;
«TCG» - «Текстураланған сұр шыны» түстік сызығы;
«TGG» - «Текстураланған сарғыш шыны» түстік сызығы;
«TWG» - «Текстураланған ақ шыны» түстік сызығы;
Тоңазытқыштар КО ТР 004/2011, КО ТР 020/2011 талаптарына сай келеді.
ПАЙДАЛАНУҒА ДАЙЫНДЫҚ
• Орам таспаларын кесіп тастаңыз, ораманы абайлап алыңыз.
• Тоңазытқыштың ішкі бөлшектерін орам материалдарынан босатыңыз.
• Тоңазытқышты тік қалпына орнатқаннан кейін қосудың алдында кемінде 30 минут
күту қажет. Бірден қосу тоңазытқыш агрегатының істен шығуына әкелуі мүмкін!
• Егер тоңазытқыш 0 °C-тан төмен температурада сақталса немесе тасымалданса,
оны қоспас бұрын оны бөлме температурасында кемінде 8 сағат ашық есіктермен
ұстау керек! Қыздырылмаған тоңазытқышты желіге қосу компрессордың
сыналануына әкелуі мүмкін!
• Тоңазытқыш тікелей күн сәулесі түсетін жерге, жарық беретін және қыздыратын
аспаптардан (газ және электр плиталары, пештер, жылыту радиаторлары) кемінде 50 см
қашықтықта орнатылуы тиіс.
• Ауа айналымын қамтамасыз ету үшін тоңазытқыштың айналасындағы бос орын барлық
жағынан кемінде 75 мм болуы тиіс.
• Тоңазытқыштың үстінде кемінде 75 мм бос орын болуы керек.
Тоңазытқышты көлденеңінен туралау реттеу тіректерін бұрау немесе бұрап алу арқылы
жүзеге асырылады.
Тоңазытқышты тасымалдаудан кейін жұмыс жағдайына келтіру үшін қажетті уақытты
гигиеналық тазалау үшін пайдалануға болады.
Тоңазытқыштың ішкі және сыртқы беттерін, сондай-ақ толымдаушыларды жылы сабынды
суға малынған жұмсақ шүберекпен жуыңыз, таза сумен шайыңыз, құрғатыңыз, содан кейін
тоңазытқышты ашық есіктермен бір сағат бойы желдетіңіз.
• Тоңазытқыш орнатылған үй-жайдағы қоршаған ауа температурасы 10 бастап 43 °С
дейін болуы тиіс.
• Үй-жайдағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75%-дан аспауы керек.
• Тоңазытқышты текшеге орнатуға немесе жиһаз ішіне салуға тыйым салынады.
Тұрақсыз орнатылған тоңазытқыш жұмыс істегенде шуылдауы мүмкін!
• Тоңазытқышты жуу үшін құрамында қышқылдар және еріткіштер бар абразивті
пасталар мен жуғыш құралдарды қолданбаңыз!
• Жаңа тоңазытқыштың белгілі бір иісі бар, ол уақыт өте келе толығымен жоғалады.
Орнату
Тазалау
Қаптаманы
ашу
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ
!
Теңестіру
Добавить комментарий