
55
ҚАЗАҚША
• Ерекше иісі бар немесе иісті оңай сіңіретін өнімдерді оралған күйінде, сұйықтықтарды - тек
жабық күйінде сақтаңыз.
• Қажет болмаса тоңазытқыштың есігін ашпаңыз және оны ашық күйде ұзақ ұстамаңыз.
• Аспаптың тоңазытқышын плюс 10 °С төмен температурасы бар үй-жайда ұзақ уақытқа
орнатқанда, ол тұрақсыз жұмыс істеуі мүмкін (тоңазытқыш бөлімінде температураның
жоғарылауы мүмкін).
АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕРДІ САҚТАУ ЖӨНІНДЕ ҰСЫНЫМДАР
Тоңазытқыштың сенімді жұмысын және оңтайлы энергия тұтынуын қамтамасыз ету үшін
тоңазытқышты мезгіл-мезгіл (6-10 айда бір рет) тазалау ұсынылады. Ол үшін:
1. Тоңазытқышты электр қуатының желісінен ажыратыңыз.
2. Тоңазытқыштан азық-түлікті, сондай-ақ құрамдас бөліктерін (сөрелер, жәшіктер) алып
шығарыңыз.
3. Тоңазытқыштың ішкі және сыртқы беттерін, сондай-ақ құрамдас бөліктерін жылы
сабынды суға малынған жұмсақ шүберекпен жуыңыз, таза сумен шайыңыз және құрғатып
сүртіңіз.
4. Есіктері ашық тоңазытқышты бір сағат құрғатыңыз.
Тоңазытқыштың ішкі және сыртқы беттерін тазалау үшін құрамында қышқылдар
және еріткіштер бар абразивті пасталарды немесе жуғыш құралдарды қолданбаңыз!
Егер тоңазытқыш ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса, жағымсыз иістің алдын алу үшін оны
тазартып, есіктерін ашық күйінде қалдыру ұсынылады.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ КҮТУ
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
Тазалау
ЫҚТИМАЛ АҚАУЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ ТӘСІЛДЕРІ
Ақаулық, сырттан білінуі Ықтимал себебі Ақаулықты анықтау және жою әдісі
Желіге қосылған
тоңазытқыш жұмыс
істемейді
Желіде кернеу жоқ Желідегі кернеуді тексеру
Розетканың айырмен түйіспесі жоқ Түйісуді қамтамасыз ету
Тоңазытқыштағы иістер Иіс шығаратын өнімдердің герметикалық
емес қаптамасы
Тоңазытқышты жылы сабынды сумен
шайыңыз, сүртіңіз және желдетіңіз
Компрессордың ұзақ
уақыт жұмыс істеуі
Жаз мезгілінде тоңазытқыштың ұзақ уақыт
жұмыс істеуі қалыпты құбылыс Есіктер
тым жиі ашылады
Қоршаған ортаның температурасы жоғары
болған кезде тоңазытқышқа бір уақытта тым
көп тағам салуға болмайды
Өнімдерді тоңазытқышқа салмас бұрын олар
салқындауы керек
Тоңазытқышты
жарықтандыру жұмыс
істемейді
Жарықдиодты шам зақымдалуы мүмкін
Егер жарықдиодты шам жанбаса, сатушыға
немесе авторизацияланған сервистік
орталыққа хабарласыңыз
Суға арналған науа
толып кетеді
Дренаждық тесіктің бітелуі.
Тоңазытқыштың есігі толықтай
жабылмаған, саңылаусыздығы бұзылған.
Ауаның кіруі артық конденсаттың пайда
болуына әкеледі
Бітелуді кәдімгі бүріккішпен немесе резеңке
үрімшемен кетіруге болады. Резеңкені,
бояудың ісініп кетпегендігін, резеңкемен
жанасу жерлерінде тоттың бар-жоғын,
резеңкенің өзінің бүлінген жерлерінің бар-
жоғын тексеріңіз.
Басқа ақаулар туындаған жағдайда уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Тоңазытқыш жұмысының барысында:
• температураның реле тетіктерінің іске қосылу шертпелері;
• тоңазытқыш жүйе тетікшелері арқылы айналатын салқындатқыш агент сылдыры;
• материалдық температуралық деформациялануы кезіндегі жеңіл сыртылдау.
Осы дыбыстар қандай да бір ақаумен байланысты емес және олардың функционалдық
сипаты бар.
Добавить комментарий