
49
ҚАЗАҚША
ПАЙДАЛАНУ
БИРЮСА BI 269
Тоңазытқышты
қосу / сөндіру
Тоңазытқышты
басқару панелі
• Тоңазытқышты қосу үшін «Setting» батырмасын басыңыз.
• Тоңазытқышты сөндіру үшін, «Setting» батырмасын басып, 10 секунд бойы басып ұстап
тұрыңыз. Барлық индикаторлар сөнеді, 15 секундтан кейін тоңазытқыш өшеді.
• Тоңазытқышты қуат көзіне алғаш рет қосқан кезде басқару тақтасындағы барлық
индикаторлар 3 секунд бойы жанады. Содан кейін «4°С» индикаторынан басқа барлық
индикаторлар сөнеді».
Setting - тоңазыту бөліміндегі температураны таңдау, қосу/сөндіру, «Супер мұздату» /
«Супер салқындату» режимдері батырмасы.
Индикаторлар: 6°С — 4°С — 3°С — 2°С
• Тоңазытқышты желіге алғаш қосқан кезде температура 4°C деңгейінде орнатылады.
Тоңазытқышты қайта қосқан кезде температура соңғы таңдалған мән деңгейінде
орнатылады.
• Тоңазыту бөлімінің температурасын таңдау үшін «Setting» батырмасын біртіндеп
басыңыз, бұл кезде таңдалған температура индикаторы жанады. 15 секундтан кейін
тоңазытқыш таңдалған режимде жұмыс істей бастайды.
Температураны
орнату
• «Супер мұздату» режимінде мұздату бөліміндегі температура -24°C–ге жетеді. «Супер
мұздату» режимін қосу үшін «Setting» батырмасын басып, 5 секунд бойы басып ұстап
тұрыңыз. Панельде 4°C және 6°C индикаторлары жанады. Тоңазытқыш 15 секундтан кейін
«Супер мұздату» режиміне ауысады.
• «Супер мұздату» режимі 40 сағат өткен соң автоматты түрде өшеді. Режимнен ертерек
шығу үшін «Setting» батырмасын басыңыз.
«Супер
мұздату»
режимі
• «Супер салқындату» режимін қосу үшін «Setting» батырмасын басып, 3 секунд бойы
басып ұстап тұрыңыз. Панельде 2°C және 3°C индикаторлары жанады. Тоңазытқыш 15
секундтан кейін «Супер салқындату» режиміне ауысады.
• «Супер салқындату» режимі 6 сағат өткен соң автоматты түрде өшеді. Режимнен ертерек
шығу үшін «Setting» батырмасын басыңыз.
«Супер
салқындату»
режимі
Добавить комментарий