
1312
Өнімдерді
орналастыру
ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ
Қауіпсіздік
ережелері
Ларьді пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:
• Тоңазытқышты электр желісіне қоспас бұрын розетканың жарамдылығын және қуат сымы
мен айырдың зақымдалмағанын тексеріңіз.
• Электр тоғымен зақымдануды болдырмау үшін қуат сымы зақымданған кезде оны
авторизацияланған сервис орталығының маманы немесе ұқсас мамандандырылған
қызметкерлер ауыстыруы тиіс.
• Ток өткізгіш бөліктердің ларь корпусына тұйықталу белгілері болған кезде (металл
бөліктерге тигенде шымшу), ларьді электр қуатының желісінен ажыратыңыз және
ақаулықты жою үшін авторизацияланған сервистік орталыққа жүгініңіз.
• Ларьге және табиғи жерге қосылған құрылғыларға (газ плитасы, жылыту радиаторлары,
су шүмектері) бір уақытта қол тигізбеңіз.
• Ларьді ішін және сыртын тазалау, ларьдің астындағы еденді жуу, ақаулықтарды жою
кезінде электр қуатының желісінен ажырату керек.
• Физикалық, жүйке немесе психикалық ауытқулары немесе тәжірибе мен
білімдерінің жетіспеушіліктері бар болған адамдар (балаларды қоса) бақылауда
болса немесе оларға осы аспапты пайдалану туралы олардың қауіпсіздігіне
жауапты тұлғамен нұсқамалық жүргізілген жағдайларды қоспағанда, осы аспап
ондай адамдардың пайдалануына тағайындалмаған!
• Балаларды олардың ларьмен ойнауына жол бермеу мақсатында бақылау керек!
• Тоңазытқыш жүйесі контурының зақымдалуына жол бермеңіз!
• Тоңазытқыш камера ашылған жағдайда үй-жайды жақсылап желдетіп, онда ашық
отты қолдануды болдырмау қажет!
• Ларьдің корпусында орналасқан желдеткіштерді жаппаңыз!
• Еріту процесін тездету үшін механикалық құрылғыларды немесе басқа құралдарды
қолданбаңыз!
• Азық-түлікті сақтауға арналған бөлімнің ішінде электр аспаптарды қолданбаңыз!
Ларь дұрыс жұмыс істеуі және сізге ұзақ уақыт қызмет етуі үшін бірқатар шектеулерді
сақтау керек::
• Ларьді ылғалдылығы жоғары бөлмелерде (төбесі, қабырғалары және бөлмедегі
заттар ылғалмен жабылған), сондай-ақ өткізгіш едендері бар бөлмелерде
қолданбаңыз! Ларь - бұл ең алдымен электрлік құрылғы және оны жоғары
ылғалдылықта пайдалану электр тоғының тұйықталуына немесе соғуына әкелуі
мүмкін!
• Ларьді электр желісіне қосу үшін бейімдегіштерді, қосқыштарды, тістерді және
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз, себебі олар өртке әкелуі мүмкін!
• Жұмыс кезінде ларьдің компрессорын ұстамаңыз, себебі ол жұмыс кезінде 90 °С
температурасына дейін қыздырылады!
• Ларьге өрт шығуы мүмкін электр жылыту құралдарын орнатпаңыз!
• Ларьдің электр жүйесіне сұйықтықтың тиюіне жол бермеу үшін сұйықтықтары бар
сыйымдылықты ларьдің үстіне қоймаңыз!
• Ларьдің құрылымына өз бетіңізше өзгерістер енгізбеңіз! Бұл оның бұзылуына
немесе дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін! Ларьдің электр тізбегін бұзу қысқа
тұйықталуға және соның салдарынан өртке әкелуі мүмкін!
• Ларьді ағаш жәшіктерге, үстелдерге, орындықтарға және т. б. орнату.
Азық-түлікті ларьде оны электрмен қоректендіру желісіне қосқаннан кейін 2 сағаттан ерте
емес орналастыру ұсынылады.
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ!
Добавить комментарий