
Тоңазытқыш - мұздатқышы / Пайдалану жөніндегі нұсқаулық Тоңазытқыш - мұздатқышы / Пайдалану жөніндегі нұсқаулық 25 / KZ
3 Дайындық
2 Орнату
7 -сур.
• Тағамды орналастырған кезде тоңазытқыш
камераларындағы температура
сенсорларының алдынан кемінде 1 см
қалдырыңыз.
• Тоңазытқыш желілік баусым ашасына оңай қол жеткізуге болатындай етіп орнатылуы
тиіс.
• Екі сымды электр желісіне қосылған тоңазытқышты параметрлер мәндері келесідей
қорғаныстық өшіру құрылғысымен (ҚӨҚ) пайдалану ұсынылады: атаулы кернеулер
ауқымы - 220-ден 240 В/ 50 Гц дейін, іске қосылу шегі - 30 мА артық емес, іске қосылудың
атаулы уақыты - 0,1с.
• Пайдалануды бастар алдында компрессор мен артқы қабырға арасындағы кергілерді,
сондай-ақ басқа кергілер мен желімдейтін таспаларды алып тастаңыз.
3.1. Есікшені басқа жаққа қайта орнату
Егер есіктерді ашу бағытын өзгерту қажет болса, біз 8-800-200-23-56 ыстық желісіне жүгінуді
ұсынамыз.
Есіктерді өз бетімен немесе шеттегі ұйымды тартып қайта ілу кезінде есіктер зақымданған
жағдайда өндіруші жауапты болмайды.
3.2. Электр энергиясын үнемдеу жөніндегі ұсынымдар
• Тоңазытқыштың есігін ұзақ уақыт бойы ашылған күйінде ұстамаңыз.
• Тоңазытқышты жапқан кезде, есіктің корпусқа тығыз жанасып тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Тоңазытқышқа ыстық тамақты немесе сусындарды орналастырмаңыз.
• Тоңазытқышты шамадан тыс толтырмаңыз: көп өнімді салқындату үшін электр
энергиясының үлкен шығынын қажет етеді.
• Электр энергиясын үнемдеу атқарымын қосуға болады (егер ол сіздің үлгіңізде.
• Тоңазытқыш ішіндегі сөрелер мен жәшіктердің реті мен орналасуы құрылғының қуат
тұтынуына әсер етпейді.
6-сур.
• Тағамды салған кезде тоңазытқыш пен мұздатқыш
бөлімдерінде желдеткіш қорғанысының немесе артқы
қабырғасының алдында кемінде 1 см бос орын қалдырыңыз.
Тоңазытқышты электрондық энергия үнемдеуші жүйелерге қосу
тоңазытқыш үшін қауіпті.
A
Тоңазытқышты әрқашан тұтқасынан ұстап ашыңыз. Есіктің шетінен ұстап
ашу нығыздағыштың жарылуына әкелуі мүмкін.
A
Тоңазытқышты қаптамадан алғаннан кейін және орнатқаннан кейін,
тоңазытқышты электр желісіне қоспас бұрын 4 сағаттан кем емес уақыт
күтіңіз - бұл тоңазытқыштың дұрыс жұмыс жасауы үшін қажет.
A
Добавить комментарий