
Тоңазытқыш - мұздатқышы / Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
34 / KZ
4.«Босату»батырмасы
4-батырмасын басып, оны 3 (үш) секунд бойы ұстаңыз. «Босату» режимінде 7-индикатор
«- -» таңбасын көрсетеді және 10-индикатор жанады. Тоңазытқыштың камерасын
салқындату сөндіріледі. Осы атқарымды болдырмау үшін 4-батырмасын қайта
басыңыз.
Энергия үнемдеуші дисплей (жинақтау нұсқасы)
Тоңазытқыш есігін жапқаннан/теңшелімдерді өзгерткеннен кейін бір минуттан соң
5-индикатордан басқа барлық нышандар өшеді. Бұл электр энергиясын үнемдеу
үшін жасалған. Есікті ашқан/кез келген батырманы басқан кезде нышандар жанады.
Көрсеткіш
Бұл индикатор жылы азық-түліктердің көп санын жүктеген кезде немесе ұзақ
уақытқа ашық қалдырылған тоңазытқыштың есігі кезінде жануы мүмкін.
Бұл қате емес. Азық-түліктер суытылған кезде немесе кез келген батырманы басқан
кезде бұл ескерту жойылады.
Егер индикатор азық-түлікті суытқаннан кейін немесе кез келген батырманы
басқаннан кейін өшпесе, дисплейде қате нөмірі шығады. Дисплейде қате нөмірі
шықса, біз сервистік орталыққа жүгінуді немесе Беко 8-800-200-23-56 шұғыл желісіне
хабарласу- ды ұсынамыз.
4.1.2. Температура реттегіші
Жылдам мұздату
Егер сіз балғын азық-түліктің мол мөлшерін мұздатқыңыз келсе азық-түлікті тез
мұздату камерасына салар алдында температура реттегішін қалпына ауыстырып
қойыңыз .
Мұздату өнімділігі ретінде көрсетілген азық-түліктің барынша мол мөлшерін мұздату
үшін температура реттегішін осы қалпында 24 сағатқа қалдыру ұсынылады.
Мұздатылған және балғын азық-түліктерді сақтаған кезде араластыруға
болмайтынын ескертеміз. Температура реттегішін бастапқы қалпына ауыстырып
қосуды ұмытпаңыз.
Үзіліс функциясы
Реттегішті қарама-қарсы жаққа қарай қалпына дейін бұраған кезде үзіліс
режимі жандандырылады. Үзіліс атқарымын жандандырған кезеде тоңазытқыш
камераны салқындату сөндіріледі, ал мұздатқыш камерадағы салқындату
минималды деңгейде қолданады. Осы атқарымды іске қосқаннан кейін азық-
түліктерді тоңазытқыш камерада сақтауға болмайды. Осы атқарымды сөндіру үшін
температура реттегішін Сізге қажет болған қалпына дейін бұраңыз.
4.2. Мұзға арналған сыйымдылық (Жиынтықтама нұсқасы)
• Мұзға арналған сыйымдылықты мұздатқыш камерадан шығарыңыз.
• Мұзға арналған сыйымдылықты сумен толтырыңыз.
• Мұзға арналған сыйымдылықты мұздатқыш камераға қойыңыз.
• Мұз шамамен екі сағаттан кейін дайын болады. Мұзға арналған сыйымдылықты
мұздатқыш камерадан шығарыңыз да, мұзды берейін деп жатқан контейнердің
үстінен сәл майыстырыңыз. Мұз контейнерге оңай түсіп қалады.
Жоғарыда көрсетілген факторлармен
туындаған ішкі температура өзгерістерін
температура реттегішінің көмегімен реттеуге
болады.
9-сур.
Добавить комментарий