
Тоңазытқыш - мұздатқышы / Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
26 / KZ
2.2. Артқы қабырғада пластмассалық шектегішті орнату
2.3. Тоңазытқышты тік қалпында орнату
2.4. Электр қуатына қосылу
Біздің компаниямыз жерге тұйықтамай және ұлттық нормативтерге сәйкес электр
қуатын беруді қоспай пайдалану салдарынан болған кез келген ақаулар үшін жауапты
болмайды.
Тоңазытқыш электр желісіне жерге тұйықтаушы контактісі бар екі полюсті розетканың
көмегімен қосылады.
Электр желісіне қосар алдында:
• желі кернеуінің мынадай параметрлерге сәйкес келетініне: электр желісінің кернеуі
220-240 В; атаулы жиілік: 50 Гц;
• розетканың тоңазытқыштың желілік баусымының ашасына сәйкес келетініне және
еуростандарт бойынша жасалғанына көз жеткізіңіз.
• электр розеткасының жерге тұйықтаушы контактісі электр желісінің қуат беруші
кабелінің жерге тұйықтаушы сымымен тікелей жалғастырылған (жалғастырушы
сым 10 А кем емес тоқка есептелген болуы тиіс).
Тоңазытқышты көрсетілгенге қатысты жоғары немесе төмен кернеу жағдайында
қолдану компрессордың істен шығуына әкелуі мүмкін. Осы жағдайларда кернеу
тұрақтандырғыштарын қолдану қажет.
Абайлаңыз! Электр қуатын қосқан кезде ұзартқышты немесе
розетка блоктарын қолдануға рұқсат берілмейді.
A
Тоңазытқышыңыздың дұрыс тұруы үшін
алдыңғы аяқшаларды оларды суретте
көрсетілгендей бұрап реттеңіз. Нәтижесінде
тоңазытқыш есікшелер жақсы жабылуы
үшін, тігінен 1-2 градусқа артқа қарай
ауытқуы тиіс.
4-сур.
Жеткізілім жиынтығына кіретін шектегішті суретте
көрсетілгендей орнатыңыз.
Ол тоңазытқыш пен қабырға арасындағы қажетті
қашықтықты қамтамасыз етеді.
5-сур.
B
Назар аударыңыз! Сіздің тоңазытқышыңыздың қуат берудің үш-
контактілі ашасы бар, ол жерге тұйықталуы тиіс.
B
Абайлаңыз! Зақымданған электр кабелін ауыстыру сертификатталған
сервистік орталықпен орындалуы тиіс.
Добавить комментарий