
84
• Аспаз режимі параметрінің екі мүмкіндігі:
−Бағдарламада температура мен уақыт тұрақты болуып қалуы
үшін "Temperature/Timer" (Температура/Таймер) түймесімен
қажетті шаманы таңдаңыз.
−Бағдарламаның негізіне мәзірдегі функция алынуы үшін
мәзір түймесімен қажетті пісіру бағдарламасын таңдаңыз.
Мәзірден қажетті бағдарламаны таңдағаннан кейін,
"Temperature/Timer" (Температура/Таймер) түймесімен тиісті
мәндерді реттеуге болады.
• Тамақ піскенде, үш рет "бип" деген сигнал беріліп, мультипісіргіш
жылуды сақтау күйіне өтеді, "Keep Warm" (Жылуды сақтау)
индикаторы жанып, экранда жылу сақталған уақыт санағы
жүре бастайды.
Ескертпе:
• Белгілі бір пісіру бағдарламалары толықтай автоматты
болады, яғни температура және/немесе пісіру уақытын
реттеу мүмкін емес.
• Мультипісіргіш Аспаз режимі функциясының соңғы
температурасы мен пісіру уақытын еске сақтай алады.
• Құрылғыны қорғау үшін Аспаз режимі функциясында
температура/пісіру уақыты параметріне шектеу қойылған:
40-100°C температура шамасында пісіру уақыты — 1 минут
– 9 сағат
105-160°C температура шамасында пісіру уақыты —
1 минут – 2 сағат
КЕЙІН ҚОСУ ФУНКЦИЯСЫ
• Кейін қосу функциясын пайдалану үшін алдымен пісіру
бағдарламасы мен уақытын таңдаңыз. Содан кейін "Delayed
start" (Кейін қосу) түймесін басып, кейінге қалдыру уақытын
таңдаңыз. Әдепкі кейінгі қалдыру уақыты таңдалған пісіру
уақытына байланысты өзгереді. Ауқымы пісіру уақытынан 24
сағатқа дейін. "<" және ">" түймелерін басқан сайын кейін қосу
уақыты артады немесе азаяды.
• Қажетті уақытты таңдағаннан кейін, "Start" (Қосу) түймесімен
пісіру күйін енгізіңіз, "Start" (Қосу) индикаторы қосылған күйін
қалады, ал экранда таңдалған сағат саны көрсетіледі.
Добавить комментарий