
Баптаулар 121
Дисплей
Әрбір экран түрі үшін толық параметрлерді реттеуге болады.
Параметрлер экранында Дисплей пәрменін түртіңіз және төмендегі
параметрлерді реттеңіз:
• Өзіндік бет экраны: Басты экран параметрлерін реттеу. Мәліметтерді
Негізгі экран параметрлері
бөлімінен қараңыз.
• Тұсқағаз & Тақырып: Құрылғы тұсқағазын, тақырыбын, белгішесін
таңдаңыз.
• Шрифт: Қаріп өлшемін, қалыңдығын немесе түрін өзгертіңіз.
• Негізгі сенсорлы түймешіктер Басты экран түймелерін қайта реттеу
немесе олардың фондық түстерін өзгерту.
• Қолданба масштабтау: Қолданбалардың экран өлшемін реттеңіз.
Кадр пішімі
• Бұл құрылғы 18:9 өлшемдегі кадр пішімін пайдаланады.
-Кейбір жүктелген қосымшалар 18:9 өлшемдегі кадр пішіміне қолдау
көрсетпейді.
Мұндай жағдайда, қосымшаға ең оңтайлы экранның арақатынасын
таңдаңыз немесе қосымша ақпарат алу үшін қолданба провайдеріне
хабарласыңыз.
-Бөлек қолданбалар үшін кескін пішімін Баптаулар Дисплей
Қолданба масштабтау тармағын түрту арқылы таңдауға болады.
Қажетті арақатынасты таңдаңыз.
• Көрсетілім өлшемі: Экрандағы элементтерді көруге ыңғайлы өлшемге
орнатыңыз. Кейбір элементтер орнын өзгертуі мүмкін.
• Ыңғайлы көрініс: Құрылғыны көзге түсетін жүктемені азайту үшін
экранның көк жарық мөлшерін бәсеңдетуге орнатыңыз.
• Жарықтығы: Құрылғы экранының жарықтығын өзгерту үшін, жылжыту
жолағын пайдаланыңыз. Экран жарықтығын қоршаған ортаның
жарық қарқындылығына сәйкес автоматты түрде реттеу үшін, Авто
ажыратқышын сырғытыңыз.
• Авто: Құрылғыны экран жарықтығы қоршаған орта жарығының
қарқындылығына сай автоматты түрде реттелетіндей етіп орнату.
• Экранды автоматты бұру: Экранды құрылғы бағдарына сәйкес
автоматты түрде айналдырады.
Добавить комментарий