
Қазақ | 137
uЭлектр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
uАккумулятор зақымдалған немесе дұрыс
пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы
мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып
қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және
шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу
тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
uАккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі
бар.
uШеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
uБұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші
өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы
аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ,
мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан,
кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз.
Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі
туындайды.
uСыналанса, электр құралын бірден сөндіріңіз.
Тебуді тудыратын жоғары реактивті күштерден
абай болыңыз. Электр құрал егер электр құралы
артық жүктелсе немесе өңделетін дайындамада
қысылса ол сыналады.
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына,
өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға
алып келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Бұл электр құралы бұрандаларды бұрап бекітуге және
бұрап босатуға, сондай-ақ ағаш, металл, керамика мен
пластик бойынша бұрғылауға арналған.
UniversalImpact18V аккумуляторлық дрель-шуруп
бұрауышы, сонымен қатар кірпіш бойынша соққымен
бұрғылау үшін қолданылады.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
(1) Құрал бекіткіші
(2) Жылдам қысқыш бұрғылау патроны
(3) Айналу моментін алдын ала таңдауға арналған
реттегіш сақина
(4) Жұмыс режимін алдын ала таңдауға арналған
реттегіш сақина
(UniversalImpact18V)
(5) Беріліс ауыстырып-қосқышы
(6) Аккумуляторды босату түймесіa)
(7) Аккумуляторa)
(8) Жұмыс шамы
(9) Айналу бағытын ауыстырып-қосқыш
(10) Ажыратқыш
(11) Тұтқа (беті оқшауланған)
(12) Әмбебап бит ұстағышыa)
a) Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды
біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Техникалық мәліметтер
Аккумуляторлық дрель-шуруп бұрауыш UniversalDrill18V UniversalImpact18V
Өнім нөмірі 3603JD40.. 3603JD41..
Номиналды кернеу V= 18 18
Бос жүріс күйіндегі айналу жиілігіA)B)
– 1-беріліс мин-1 0–440 0–440
– 2-беріліс мин-1 0–1 450 0–1 450
ISO 5393 бойынша қатты/жұмсақ
материалдардағы макс. айналу моментіA)B) Нм 32/23 34/23
Макс. айналу моментіA) Нм 40 34
Бос жүріс күйіндегі айналу жиілігіндегі соққы
саныA) мин-1 – 0–21 750
Макс. саңылау диаметрі (1-ші/2-шіберіліс)
– Кірпіш қалау мм – 10
– Болат мм 10 10
Bosch Power Tools 1 609 92A 7WL | (03.06.2022)
Добавить комментарий