
Қазақ | 111
Жинау
uЭлектр құралында кез келген жұмыстарды (мысалы, техникалық
қызмет көрсету, құралды алмастыру және т.б.) орындау
алдында және оны тасымалдау және сақтау кезінде айналу
бағытын ауыстырып-қосқышты ортаңғы күйге жылжытыңыз.
Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі
туындайды.
Аккумуляторды зарядтау (A суретін қараңыз)
uБасқа зарядтау құралын пайдаланбаңыз. Жинақтағы зарядтау
құралы электр құралыңыздағы Li-Ion аккумулятормен сәйкес.
uЖелі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты зарядтау
құралының зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы
қажет. 230В белгісімен белгіленген зарядтау құралдарымен 220В
жұмыс істеуге болады.
Нұсқау:аккумулятор ішінара зарядталған күйде жеткізіледі.
Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет
пайдаланудан алдын толық зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін қысқартусыз кез
келген уақытта зарядтауға болады. Зарядтау процесін үзу
аккумулятордың зақымдалуына әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор қатты заряд таусылуынан қорғалған.
Аккумулятор заряды таусылған жағдайда, электр құралы қорғаныс
схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап бұдан былай
қозғалмайды және жеңіл ысқыру дыбысы естіледі.
uЭлектр құралы автоматты өшкеннен соң қосқыш/өшіргішті енді
басушы болмаңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (4) жартылай басылған
ажыратқыш (7) күйінде қызыл түспен жанса, бұл аккумулятор қуатының
30%-дан төмен және оны зарядтау қажет екендігін білдіреді.
Зарядтау үшін зарядтағыш кабельді(13) тұтқаның астыңғы жағындағы
ұяшыққа(12) және штепсельдік қуат блогына (14) енгізіңіз. Содан кейін
штепсельдік қуат блогын (14) розеткаға енгізіңіз.
Зарядтау процесі ажыратқыш (7) толық басылып тұрғанда тоқтатылады.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (4) заряд деңгейін
көрсетеді. Зарядтау процесінің барысында жасыл түсті индикатор
Bosch Power Tools 1 609 92A 66C | (11.12.2020)
Добавить комментарий